ЭкономикаКөкшетауда жылына 60 млн дана кірпіш шығаратын зауыт салынуда

Көкшетауда жылына 60 млн дана кірпіш шығаратын зауыт салынуда

-

- Advertisment -spot_img

Облыс орталығында жылына 60 млн данаға дейін кірпіш шығаруға қауқарлы жаңа зауыттың құрылысы жалғасуда. Кәсіпорынды 2027 жылы іске қосу жоспарланған. Жоба аясында 200 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл бастама өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, құрылыс саласын отандық материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Кірпіш зауыты» ЖШС құрылыс алаңына барып, жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпорынды іске қосуға дайындық аяқталуға жақын. Техникалық ашылуы жыл соңына жоспарланған. Ал толық қуатына 2027 жылы шығу көзделіп отыр. Дайын өнімнің негізгі өткізу нарығы Қазақстан болады.

Сапар барысында өңір басшысы облыста құрылыс жұмыстарының ауқымы артып келе жатқан кезеңде құрылыс материалдарына деген сұранысты отандық өнім есебінен қамтамасыз етудің маңызы зор екенін атап өтті.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында түрлі нысандардың құрылысы кең көлемде жүргізіледі. Бұл ретте отандық құрылыс материалдарын пайдалануға басымдық беріледі. Бүгінде облыста Қазақ музыкалық-драма театры мен стадион сияқты ірі нысандар салынып жатыр. Олардың барлығы құрылыс материалдарының едәуір көлемін қажет етеді. Сондықтан кірпіш зауыты сияқты кәсіпорындардың іске қосылуы стратегиялық маңызға ие. Бұл ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының 200-ден астам аграрийі еңбегі үшін марапаттарға ие болды

Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов...

Зеренді ауданы: спорт, білім және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады, перспективалық жобаларға тоқталып, ауыл тұрғындарының...

Ақмола облысының екі еңбеккері мемлекеттік наградаларға ие болды

Бүгін Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандардың қатарында Ақмола...

Атаның сөзі – ақылдың көзі

«Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында «Атаның сөзі – ақылдың көзі» жобасы аясында жастарға аға буынның өмірлік тәжірибесін насихаттау, ұрпақтар...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі артып келеді

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар, оны өңдеу қуаттары да артып келеді. Көкшетау қаласындағы «GARANTI EXPORT» ЖШС жылына 30...

Ақмола облысында газ жабдықтарын шығару ісі дамып келеді

Көкшетаудағы «Тыныс» АҚ зауытында газ баллондары мен оларды қауіпсіз пайдалануға арналған арнайы клапандар шығару басталды. Жаңа бағыт ең алдымен...

Оқу керек

Ақмола облысының 200-ден астам аграрийі еңбегі үшін марапаттарға ие болды

Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің...

Зеренді ауданы: спорт, білім және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесіп,...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған