СаясатЖас отбасыларға баспана, ауылға жұмыс орындары – «Әділет» кандидаттары...

Жас отбасыларға баспана, ауылға жұмыс орындары – «Әділет» кандидаттары сайлаушылармен жүздесті

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында сайлауалды үгіт-насихат науқаны қарқын алды. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер тұрғындармен жүздесіп, бағдарламаларын таныстырып, Президент Жолдауында өңірге қатысты белгіленген міндеттерді түсіндіріп жүр. «Алтынтау Көкшетау» кәсіпорнында қолжетімді баспана, мектептер мен жолдардың жайы сөз болды. Ал Астрахан ауданының Каменка ауылында «Байду-Агро» ЖШС ұжымымен ауыл тұрмысын жақсарту, шаруашылықтарды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

Өңірдегі ірі тау-кен кәсіпорындарының бірі «Алтынтау Көкшетаудың» еңбек ұжымымен «Әділет» партиясынан ұсынылған Берген Беспалинов пен Умар Шоназаров және сайлауалды штаб мүшесі Айгүл Сабитова кездесті. Әңгіме барысында жас отбасылардың баспанаға қол жеткізуіне айрықша көңіл бөлінді. Берген Беспалиновтың айтуынша, партия бағдарламасында әр адамға шаққанда 30 шаршы метр тұрғын үймен қамтамасыз ету межесі белгіленген. Ол жаңа баспана салу мен ескі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары облыс орталығында да, аудандарда да жүруі керектігін айтты.

«Президент 2027 жылды Жалпыхалықтық құрылыс жылы деп жариялады. Бұл – еліміздің, соның ішінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін айрықша маңызға ие бастама.
Осы бағыт аясында білім беру, спорт және мәдениет салаларында жаңа нысандар бой көтереді. Бұл тек ғимараттар салу мен инфрақұрылымды дамыту ғана емес, ең алдымен, тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер ашу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыру деген сөз», – деп атап өтті «Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов.

Президенттің қала мен ауылдағы білім сапасын теңестіру жөніндегі міндетіне тоқталған Беспалинов соңғы үш жылда облыста 13 жаңа мектеп салынғанын атап өтті. Сондай-ақ жолдар мен су құбырларын жөндеу сапасын қадағалайтын комиссиялар құруды ұсынды.

Умар Шоназаров өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобалардың қатарында Есіл контрреттегішін атады. Ол аудандардағы жолдардың жайына және оның кәсіпорындардың өнім тасымалына әсеріне тоқталды.

«Бағдарламамызда жақсы және қанағаттанарлық күйдегі автожолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу көзделген. Аудандарға жиі барып жүрміз, қай жолдың жөндеуді қажет ететінін көріп отырмыз. Ірі кәсіпорындардың тасымалы мен өнімді уақытында жеткізуі жол сапасына тікелей байланысты», — деді «Әділет» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Умар Шоназаров.

Өндірісте инфрақұрылымның ірі кәсіпорын жұмысына ықпалы сөз болса, Каменкада шаруашылықтарды дамыту мен ауылда жұмыс орындарын ашуға қажетті жағдайлар талқыланды. «Байду-Агро» ЖШС ұжымымен кездескен «Әділет» партиясының кандидаты Вероника Гендик ауыл шаруашылығында жиырма жылға жуық еңбек етіп келе жатқанын айтып, шаруашылықтарды қолдау бағдарламалары мен ауылда шағын кәсіп ашу мүмкіндіктеріне тоқталды.

«Ауыл шаруашылығында жиырма жылға жуық жұмыс істеп келемін, ауылдың тұрмысын жақсы білемін. Бағдарламамызда ауылдарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған шаралар бар. Ұсыныстарыңызды тыңдап, аманаттарыңызды назарға алып, солар бойынша жұмыс істеуге дайынмын», — деді Вероника Гендик.

«Алтынтау Көкшетау» қызметкерлері кандидаттарға сұрақтарын қойды, ал Берген Беспалинов ұжымның ұсыныс-тілектерін жазып алды. Каменкада Вероника Гендик шаруашылық қызметкерлерін 29 қарашада өтетін сайлауға қатысуға шақырды. Үміткерлердің Ақмола облысының тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесулері жалғасып жатыр.

Дайындаған — «Әділет» партиясының Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі. Тапсырыс беруші — Б. М. Беспалинов. Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысының 200-ден астам аграрийі еңбегі үшін марапаттарға ие болды

Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов...

Зеренді ауданы: спорт, білім және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндады, перспективалық жобаларға тоқталып, ауыл тұрғындарының...

Ақмола облысының екі еңбеккері мемлекеттік наградаларға ие болды

Бүгін Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандардың қатарында Ақмола...

Атаның сөзі – ақылдың көзі

«Қоғамдық келісім» КММ мәжіліс залында «Атаның сөзі – ақылдың көзі» жобасы аясында жастарға аға буынның өмірлік тәжірибесін насихаттау, ұрпақтар...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Көкшетауда жылына 60 млн дана кірпіш шығаратын зауыт салынуда

Облыс орталығында жылына 60 млн данаға дейін кірпіш шығаруға қауқарлы жаңа зауыттың құрылысы жалғасуда. Кәсіпорынды 2027 жылы іске қосу...

Ақмола облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі артып келеді

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар, оны өңдеу қуаттары да артып келеді. Көкшетау қаласындағы «GARANTI EXPORT» ЖШС жылына 30...

Оқу керек

Ақмола облысының 200-ден астам аграрийі еңбегі үшін марапаттарға ие болды

Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің...

Зеренді ауданы: спорт, білім және кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданының тұрғындарымен кездесіп,...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған