Бүгінде ауданда жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Негізгі міндет – өндірісті ғана емес, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және ауданның экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту.
Ауыл тұрғындары үшін мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері де кеңейіп келеді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 10,8 млн теңге сомасына 1 жоба мақұлданды, тағы 5 жоба қаралуда. Негізгі бағыттар – мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін «Кең Дала-2» бағдарламасы арқылы қолдау жұмыстары да жалғасуда. Аудан бойынша жалпы сомасы 5 млрд теңгеге жуық 10 өтінім берілді.
Алдағы уақытта негізгі міндет – инвестиция тарту жұмыстарын жандандыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді, мал және өсімдік шаруашылығын дамыту, заманауи технологияларды енгізу және жаңа жұмыс орындарын құру.




