Экономика$150 млн тікелей шетелдік инвестиция: Степногорск қаласында сирек жер...

$150 млн тікелей шетелдік инвестиция: Степногорск қаласында сирек жер металдары карбонатын өндіретін зауыт жаңғыртылады

-

- Advertisment -spot_img

Степногорск қаласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғырту және сирек жер металдарын өңдеу мен бөлуге арналған жаңа зауыт салу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі 150 млн АҚШ долларын құрайды. Инвестор – Австралияның Lindian Resources Ltd. халықаралық тобына кіретін «Silkway Metals» ЖШС.

Жоба 2026–2028 жылдарға жоспарланған. Ол қолданыстағы өндірістік қуаттарды реконструкциялауды және сирек жер металдары карбонатын өндіретін жаңа өндірісті іске қосуды көздейді. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары басталды.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Silkway Metals» ЖШС бас директоры Дінмұхаммед Маджановпен кездесті. Кездесу барысында жобаны іске асыру барысы және оны өңір тарапынан сүйемелдеу мәселелері талқыланды.

Шамамен $50 млн қолданыстағы кәсіпорынды жаңғыртуға, тағы $100 млн жаңа цехтың құрылысына бағытталады. Мұнда электромобильдерге арналған аккумуляторлар мен компьютерлік чиптер өндірісін қоса алғанда, жартылай өткізгіштер өнеркәсібінде қолданылатын тұрақты магниттер өндіруге қажетті аралас сирек жер металдары карбонатын шығару жоспарлануда.

Жаңа өндірістің жобалық қуаты жылына 12,5 мың тоннаны құрайды. Бұл ретте өнім шығарудың жоспарлы көлемі жылына 8 мың тоннаға жетеді.

Жобаны іске асыру 228 жұмыс орнын сақтауға және жаңа өндірістік қуаттар жобалық деңгейге шыққаннан кейін қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

«Жоба Мемлекет басшысының Қазақстанның ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану және стратегиялық маңызы бар минералдар саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес келеді. Бүгінде сирек жер металдары әлемдік өнеркәсіптің перспективалы бағыттарының біріне айналып отыр. Мұндай жобаны іске асыру үшін Степногорск қаласында  қажетті жағдайлар бар. Атап айтқанда, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етудің жеткілікті қуаты, сондай-ақ дамыған өндірістік инфрақұрылым қалыптасқан. Жақында қалада индустриялық аймақтың ашылуы өндірістерді орналастыруға және дамытуға қосымша мүмкіндіктер береді», – деді Марат Ахметжанов.

Өңір басшысы жобаны іске асыруға байланысты мәселелерді уақтылы шешудің маңыздылығын да атап өтті. Кездесуде қоғамдық тыңдаулардан өту, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік мәселелер қаралды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған