Арайлы ауылында тұрғындардың игілігіне арналған жаңа, заманауи сквер ашылды!
Енді бұл жерде тұрғындар жайлы серуендеп, балалар шаттанып ойнап, жастар спортпен айналыса алады.
Сквер аумағында: футбол алаңы, баскетбол алаңы, заманауи Workout алаңы, балалар ойын алаңы бой көтерді.
Бұл – жай ғана абаттандырылған аумақ емес, бұл – ауылдың жаңа тынысы, тұрғындардың бас қосатын, салауатты өмір салтын қалыптастыратын және балалардың шат күлкісі естілетін ерекше мекен.
Осындай игі жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен «Полиметалл» компаниясына алғыс білдіреміз.
Арайлы ауылы күн сайын көркейіп, тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи мекенге айналып келеді!




