ҚосшыҚосшы қаласының бес жылдығына орай газдандыру жобасы толық аяқталды

Қосшы қаласының бес жылдығына орай газдандыру жобасы толық аяқталды

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласының бес жылдығы күні «Сарыарқа» магистральдық газ құбырынан газдандыру жобасы аясында салынған газ тарату желілерінің екінші және үшінші іске қосу кешендері ресми түрде пайдалануға берілді. Осылайша ауқымды инфрақұрылымдық жоба толық аяқталып, қаланың барлық шағынаудандары табиғи газға қосылу мүмкіндігіне ие болды.

Салтанатты шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысып, блокты газ реттеу пунктінде жобаның жүзеге асырылу барысы, құрылыс кезеңдері мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндалды.

«Жоба аясында 400 шақырымнан астам газ тарату желілері салынып, бір блокты және 43 шкафтық газ реттеу пункті орнатылды. Бұл – Қосшы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын маңызды инфрақұрылымдық жоба», – деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының директоры Ержан Балабеков.

Салтанатты рәсімнің негізгі оқиғасы – қалаға табиғи газдың ресми түрде берілуінің басталуы болды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз Қосшы қаласы үшін аса маңызды жобалардың бірін толық аяқтап отырмыз. Бүгіннен бастап орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесі толық іске қосылды. Бұл – қаланың барлық шағынаудандары экологиялық таза әрі қолайлы көгілдір отынға қол жеткізді деген сөз. Сонымен қатар, Қосшы қаласының бес жылдық мерейтойына орай «QazaqGaz Aimaq» компаниясымен бірлесіп, қала тұрғындарына газ есептеуіш құралдарын тегін беру туралы шешім қабылданды», – деді Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, газдандыру жобасының бірінші іске қосу кешені 2025 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген болатын. Бүгінде 112 мыңға жуық тұрғыны бар Қосшы қаласы толықтай орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйесімен қамтылып отыр. Бұл – қаланың алғашқы бес жылдағы инфрақұрылымдық дамуының маңызды нәтижелерінің бірі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған