Жағымды жаңалықтарКөкшетауда «Абылай хан және ұлттық бірегейлік» атты халықаралық конференция...

Көкшетауда «Абылай хан және ұлттық бірегейлік» атты халықаралық конференция өтті

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетаудағы Ү.Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысұлының туғанына 80 жыл толуына арналған «Абылай хан және ұлттық бірегейлік» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Тағылымды жиынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Марат Өтегенов ашып, жүргізіп отырды.

Конференция барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институтының, Әлишер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің, Шараф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің, сондай-ақ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің белгілі тарихшы-ғалымдары мен профессорлары мазмұнды баяндамалар жасап, Абылай хан дәуірінің тарихи мәні мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі жан-жақты талқыланды.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова мерейтой иесіне облыс әкімінің Алғыс тапсырды.

Ғылыми бөлімде көтерілген мәселелер қатарында қазақ мемлекеттілігінің сабақтастығы, тарихи жадыны жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағыттары кеңінен сөз болды.

Жиынның мәдени бағдарламасы да мазмұнды өрбіді. Мұрат қажы Ыдырысұлының өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы бөлімде Ж. Мусин атындағы жоғары педагогикалық колледжі ұжымы, К.Күмісбеков атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі, Ш.Құсайынов атындағы Ақмола музыкалық-драма театрының өнерпаздары және «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының мүшелері өнер көрсетіп, көпшілікке рухани әсер сыйлады.

Тағылымы терең тағзым жиыны ұлт тарихын ұлықтап, елдік сананы нығайту жолындағы маңызды басқосуға айналды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...

Жас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың болашағы!

Әрбір малдың саулығының, әрбір шаруашылықтың берекесінің және тұрғындарымыздың дастарханына жететін сапалы өнімнің артында ветеринария мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр. Бүгінде...

Оқу керек

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған