ЭкономикаЖас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың...

Жас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың болашағы!

-

- Advertisment -spot_img

Әрбір малдың саулығының, әрбір шаруашылықтың берекесінің және тұрғындарымыздың дастарханына жететін сапалы өнімнің артында ветеринария мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр.

Бүгінде Целиноград ауданының ветеринариялық қызметі білімді, білікті және мақсатшыл жас мамандардың арқасында қарқынды дамып келеді. Жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектер «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге келіп, туған жердің дамуына өз үлестерін қосуда.

Ветеринар мамандығы – жай ғана кәсіп емес. Бұл – жануарлардың денсаулығына, өнім қауіпсіздігіне және ауыл тұрғындарының әл-ауқатына деген үлкен жауапкершілік. Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан, ветеринарлар әрдайым ауыл тұрғындарының жанынан табылып, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етеді.

Қазіргі таңда аудандық ветеринариялық станцияда еңбек етіп жүрген жас мамандар саланың дамуына елеулі үлес қосып келеді. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 4 қызметкер тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие алса, 7 жас маман көтерме жәрдемақымен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап ветеринария қызметкерлеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеу түріндегі қосымша әлеуметтік қолдау көрсетілуде.

Бұл қолдау шаралары жас мамандардың ауылда тұрақтап, баспана алып, отбасын құрып, болашағына сеніммен қарауына мүмкіндік береді. Ал аудан үшін бұл – білікті кадрларды тарту мен ветеринариялық қызметтің әлеуетін нығайту деген сөз.

Жастардың ауылды таңдап, ел игілігі үшін еңбек етуі ерекше мақтаныш сезімін тудырады. Олардың білімі, жігері, бастамашылдығы мен мамандыққа деген сүйіспеншілігі ветеринария саласының дамуына, ауыл шаруашылығының өркендеуіне және азық-түлік қауіпсіздігінің нығаюына зор үлес қосуда.

Жас мамандарды қолдау – ауылдың жарқын болашағына салынған инвестиция. Бүгінгі қолдау – ертеңгі тұрақты даму мен ауданымыздың гүлденуінің кепілі!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған