КөкшетауКөкшетауда «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» республикалық...

Көкшетауда «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» республикалық форумы өтті

-

- Advertisment -spot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» атты республикалық семинар-кеңес өтті.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, министрлік өкілдері, салалық ұйымдардың басшылары, өңір әкімдерінің орынбасарлары және сала сарапшылары қатысты. Бұған дейін урбанистика саласындағы тәжірибе Астана қаласында талқыланған болатын.

Форумды Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ашып, іс-шараның тәжірибе алмасу мен қалалық ортаны дамытудың заманауи тәсілдерін қалыптастыруға арналған маңызды алаңға айналғанын атап өтті.

«Бүгінде Ақмола облысы экономикалық өсім, инвестиция тарту және тұрғын үй құрылысы қарқыны бойынша еліміздің жетекші өңірлерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жөнінен Қазақстанда бірінші орынға шықты. Қалалық ортаны жаңғыртудағы жетістіктеріміз жалпы экономикалық даму қарқынымен тығыз байланысты. Өңірімізде ең ауқымды жоспарларды жүзеге асыруға қажетті барлық ресурстар бар», – деді өңір басшысы.

Форум барысында қалалық ортаны кешенді дамыту бағытында жүзеге асырылған жұмыстар таныстырылды. Негізгі жобалардың бірі – Жеңіс саябағын, Даңқ аллеясын, Тәуелсіздік алаңын және Қопа көлінің жаңа жағалауын біріктірген ауқымды «Көк шалғын» қалалық жобасы болды. Сонымен қатар, Көкшетау, Щучинск және облыстың басқа да елді мекендерінде қоғамдық кеңістіктерді дамыту, заманауи сәулеттік жарықтандыруды енгізу, саябақтар мен жағалауларды абаттандыру жұмыстары жалғасуда.

«Тұрғын үй қорын реновациялау мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыста жүзеге асырылып жатқан ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасына оң баға беріп, Ақмола облысының тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне таратуды тапсырған болатын», – деп атап өтті Қуандық Қажкенов.

Соңғы екі жылда өңірде Көкшетау қаласында, сондай-ақ Бұланды, Бурабай және Аршалы аудандарында 23 ескі тұрғын үй сүрілді. Азаматтарды көшіру үшін 763 пәтерлі 10 көпқабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Нәтижесінде 248 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізсе, тағы 73 меншік иесіне өтемақы төленді. Жыл соңына дейін тағы 130 отбасын көшіру жоспарлануда.

Форумда инвестиция тарту, индустриялық аймақтарды дамыту, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін жетілдіру және заманауи урбанистикалық шешімдерді енгізу мәселелері де талқыланды.

Қалалық кеңістіктерді ұйымдастырудың үлгісі ретінде форум қонақтарына Көкшетау қаласындағы «Жаңа жағалау» мен «Көк шалғын» серуен аймағы бойынша жаяу экскурсия ұйымдастырылып, реновация бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйлердің бірі көрсетілді.

«Қазіргі таңда қалалық кеңістікті жаңғыртуға мүмкіндік беретін жаңа мемлекеттік бағдарламалар бар. Біздің міндетіміз – оларды қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру үшін тиімді пайдалану», – деп қорытындылады Марат Ахметжанов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған