Жағымды жаңалықтарАқмола облысында көктемгі демалыс: 170-ке жуық оқушы сауықтыру шараларымен...

Ақмола облысында көктемгі демалыс: 170-ке жуық оқушы сауықтыру шараларымен қамтылды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева Сандықтау ауданында орналасқан жыл бойы жұмыс істейтін «Жас Дәурен» балалар сауықтыру лагерінің жұмысымен танысып, әлеуметтік осал топтардан шыққан балалардың демалыс жағдайын тексерді.

Қазіргі уақытта, 23–29 наурыз аралығында орталықта «Наурыз думан» атты көктемгі тақырыптық ауысым ұйымдастырылған. Ауысымға Егіндікөл, Есіл, Бурабай, Целиноград, Аршалы, Біржан сал аудандары мен Қосшы қаласынан келген 5–7 сынып оқушылары қатысуда.

Бағдарлама мектеп оқушыларының демалыс кезеңіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және Наурыз мейрамы аясында ұлттық мәдени мұраны тереңірек танып-білуге бағытталған.

Сапар барысында Айнагүл Балташева балалармен сұхбаттасып, олардың көңіл-күйі мен демалыс жағдайын сұрап білді. Сонымен қатар лагерьде қызмет көрсетіп жүрген қызметкерлерге балаларға қолайлы жағдай жасап, сапалы қызмет ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, өңірдің 170-rе жуық оқушысы Бурабай ауданындағы «Балдәурен» және «Звездный» лагерлерінде, сондай-ақ еліміздің оңтүстігіндегі Балқаш және Қонаев қалаларында орналасқан «Балдәурен» сауықтыру орталықтарында демалып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған