Қоғам«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс...

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан қыс мезгілінде ондаған тонна қоқыс шығарылды

-

- Advertisment -spot_img

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары қысқы маусымның қорытындысын шығарып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұлттық парк аумағын қоқыстан тазарту жұмыстарын жалғастыруда. 2026 жылғы 1 желтоқсан мен 28 ақпан аралығында «Бурабай» МҰТП қызметкерлері 263 текше метр тұрмыстық қалдықты жинап, сыртқа шығарды. Негізгі жүктеме көлдердің мұзындағы танымал қысқы демалыс орындарына түседі.

Қалдықтардың едәуір бөлігі демалыс және мереке күндерінен кейін жиналады. Көл мұзында және жағалау аймақтарында пластик бөтелкелер, пакеттер, азық-түлік қаптамалары, бір реттік ыдыстар мен басқа да тұрмыстық қоқыс қалып қояды. Көктемде мұз еріген кезде бұл қалдықтардың барлығы суға түсіп, көлдердің экожүйесіне зиян келтіруі мүмкін.

Инспекторлардың жұмысы тек су айдындарымен шектелмейді. Ұлттық парк аумағындағы орман алқаптары мен туристік соқпақтарды тазарту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл шаралар табиғи аумақтардың тазалығын сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бір бөлігі болып табылады.

Профилактикалық жұмыстармен қатар ұлттық парк табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бар екенін де ескертеді. Қыс мезгілінің үш айында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорғау режимін бұзу» бабы бойынша 34 дерек тіркеліп, әрқайсысына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ бір келуші «Орманды қалдықтармен бүлдіру, ластау немесе орман қоры жерлеріне өзге де зиян келтіру» бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.

Ұлттық парк әкімшілігі Бурабай табиғатын сақтау тек инспекторлардың жұмысына ғана емес, келушілердің жауапкершілігіне де байланысты екенін еске салады. «Бурабай» МҰТП әкімшілігі өңір тұрғындары мен қонақтарын табиғат аясында демалу кезінде қарапайым ережелерді сақтауға шақырады: қоқысты өзімен бірге алып кету және қоршаған ортаға ұқыпты қарау.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы алдағы уақытта да жалғасады, ал ұлттық парк инспекторлары аумақты тазарту шараларын жүйелі түрде өткізетін болады. Мәселен, 2026 жылғы 21 наурызда «Бурабай» МҰТП аумағындағы барлық көлдерде «Таза мұз» экологиялық акциясын өткізу жоспарланып отыр. Оған кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Еріктілер «Бурабай» МҰТП орталық кеңсесіне мына мекенжай бойынша хабарласа алады: Бурабай кенті, Кенесары көшесі 47 «Б», немесе 8 (71636) 71236 телефонына қоңырау шала алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған