БілімАқмола облысының педагогтар қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдайды

Ақмола облысының педагогтар қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдайды

-

- Advertisment -spot_img

Облыс әкімі Марат Ахметжанов педагогтар мен студенттермен кездесу өткізді. Кездесу мемлекет дамуына бағытталған бастамалар мен конституциялық реформалардың маңызын талқылау аясында өтті.

«Алдағы Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдум – мемлекетіміздің дамуындағы маңызды кезең. Елдің Негізгі заңы саяси, әлеуметтік және экономикалық дамудың бағытын айқындайды, ал ұсынылып отырған өзгерістер Әділетті Қазақстан қағидаттарын, ашықтықты және мемлекеттің қоғам алдындағы жауапкершілігін нығайтуға бағытталған. Әрбір азамат өз ұстанымын білдіріп, еліміздің болашағын қалыптастыруға үлес қосуы тиіс.Бүгін білімді әрі белсенді қоғам өкілдерінің – педагогтар мен студент жастардың қатысуы ерекше маңызды. Себебі дәл сіздер азаматтық мәдениетті қалыптастырып, жаңа ұрпақты тәрбиелейсіздер және мықты әрі әділетті мемлекеттің негізін қалайсыздар», – деп атап өтті өңір басшысы.

Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Айнагүл Балташева өңірдегі 1261 білім беру ұйымында 23 мыңнан астам педагог еңбек ететінін айтты. Соңғы жылдары білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлініп келеді: инфрақұрылым дамып, білім сапасын арттыруға жағдай жасалуда. Сонымен қатар өңірдің ерекшеліктерінің бірі – шағын жинақты мектептердің үлесі жоғары, ол шамамен 64%-ды құрайды.

Алдағы реформалардың маңызы туралы Алтынбек Дағыстан (Бурабай ауданы Урымқай орта мектебінің директоры), Элеонора Далабаева (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 4-курс студенті), Надежда Кашкевич (Красный Яр ауылы №2 мектебінің бастауыш сынып мұғалімі) және Аллан Жантайқожа (Жоғары техникалық колледж студенті) өз пікірлерімен бөлісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған