КөкшетауАқмола облысында жеңілдетілген қаржыландыруға өтінім берудің жаңа цифрлық жүйесі...

Ақмола облысында жеңілдетілген қаржыландыруға өтінім берудің жаңа цифрлық жүйесі таныстырылды

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновке Digital Aqmola орталығы базасында өңірдің цифрлық жобалары таныстырылды. Іске асырылып жатқан шешімдер туралы өңір басшысы Марат Ахметжанов және Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан баяндады.

Премьер-Министрге нақты уақыт режимінде облыс дамуының негізгі бағыттары бойынша деректер жиналып, талданатын Digital Aqmola ситуациялық орталығы таныстырылды. Салалық дашбордтардың көмегімен өңір басшылығы ауыл шаруашылығы, инвестициялар және экономиканың басқа да секторлары бойынша көрсеткіштерді жедел көре алады.

Сондай-ақ үлкен деректер массивін өңдеуге, мемлекеттік органдар үшін аналитикалық анықтамалар дайындауға және ашық дереккөздер мен Telegram-арналарды мониторингтеу негізінде өңірдің күнделікті ақпараттық дайджесін қалыптастыруға көмектесетін жасанды интеллект құралдары көрсетілді.

Бұдан бөлек, өңір қызметтері бір платформада біріктірілген байланыс орталығының жұмысы таныстырылды. Жаңа жүйенің арқасында қызметтердің әрекет ету жылдамдығы шамамен 2 есеге, ведомстволар арасындағы өзара іс-қимыл 1,5 есеге артты, ал тұрғындардың 98% өтініштері белгіленген мерзімде орындалады.

Digital Aqmola экожүйесінің бір бөлігі ретінде өңірдің бірыңғай дрон инфрақұрылымы да ұсынылды. Жоба Қазақтелеком АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылуда. Ұшқышсыз аппараттар аумақты мониторингтеуге, инфрақұрылымды бақылауға, су тасқыны жағдайын қадағалауға және түрлі оқиғаларға жедел әрекет етуге пайдаланылады. Дрондардан келетін бейне және деректер ағыны тікелей ситуациялық орталыққа түседі.

Сонымен қатар Ақмола облысының аграрлық секторын цифрландыру бойынша тартылған кеңесші Қайрат Сұлтанбеков «Кең дала 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген қаржыландыруға өтінім берудің цифрлық жүйесін таныстырды.
Жаңа жүйе фермерлерге қаржыландыруға өтінімдерді цифрлық платформа арқылы беруге мүмкіндік береді. Қажетті құжаттар мемлекеттік деректер базаларынан автоматты түрде алынады.

Жүйеде спутниктік мониторинг пен жасанды интеллект элементтері қолданылады: олар егіс алқаптарын талдап, өндірістік шығындарды есептейді, өнімділік пен шаруашылықтың қаржылық тиімділігін болжайды. Осы деректер негізінде нақты ауыл шаруашылығы өндірушісіне қажетті қаржы көлемі автоматты түрде анықталады.

Қаржыландыру цифрлық платформа мен маркетплейс арқылы жүзеге асады, бұл қарыз қаражатының қозғалысын және оның пайдаланылуын онлайн режимде — өтінім беруден бастап нақты игерілуі мен салық түсімдеріне дейін — бақылауға мүмкіндік береді.

Ұсыныстардың бірі ретінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің цифрлық жетілу индексін енгізу қарастырылды. Бұл жағдайда шаруашылықтың цифрландыру деңгейі мемлекеттік қолдау шараларын бөлу кезіндегі басымдыққа әсер етеді.

Қазіргі уақытта жүйе пилоттық форматта іске асырылған, алдағы уақытта оны Ақмола облысында кеңінен енгізу жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Өңір тұрғындары мен облыс орталығының қонақтарын облыс әкімі Марат...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының директоры Сәуле Тәтемовамен кездесіп, сирек (орфандық) аурулары бар балаларды медициналық...

Зеренді ауданында Шағалалы ауылына апаратын жолды жөндеу басталды

Ақмола облысының Зеренді ауданында Көкшетау – Атбасар тас жолынан Шағалалы ауылына дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы...

«Шаңырақ» креативті хабы: жеңімпаздар анықталды

Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен «Шаңырақ» креативті хабы өз мәресіне жетіп, үздік қатысушылар анықталды. Байқауға Instagram, TikTok және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатының техникалық іске қосылуы өтті

Ақмола облысы Зеренді ауданының өндірістік алаңында «Qazaq Kaolin» ЖШС-де жабдықтың техникалық іске қосылуы өткізілді. Тау-кен байыту комбинаты Алексеевское кен...

Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 мыңнан астам көшет отырғызылды

Сандықтау ауданында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты. «Әрбір...

Оқу керек

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған