КөкшетауОлжас Бектенов Көкшетауда ЖЭО салу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу...

Олжас Бектенов Көкшетауда ЖЭО салу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын тексерді

-

- Advertisment -spot_img

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Президенттің энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа қуат көздерін арттыру және өңір инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын тексерді. Көкшетау қаласында салынатын стратегиялық маңызы бар жылу электр орталығы (ЖЭО) жобасын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Аталған нысан Мемлекет басшысы ерекше мән беріп отырған Семей және Өскемен қалаларындағы стансалармен қатар ЖЭО тізбесіне кіреді.

Құрылыс алаңын аралау кезінде Премьер-министр болашақ энергия нысанының техникалық параметрлері және жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты. «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов ЖЭО құрылысына ауданы 227 гектар жер телімі бөлінгенін, сондай-ақ күл-қож қалдықтарын жинайтын алаң үшін қосымша 130 гектар жер қарастырылғанын баяндады. Стансаның жобалық қуаты шамамен 240 МВт, ал жылу қуаты кемінде 520 Гкал/сағ болады. Сонымен қатар қаланың келешектегі өсімі мен өңірдің қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша су жылыту қазандықтарын орнату арқылы жылу қуатын тағы 300 Гкал/сағатқа дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Қазіргі уақытта бірқатар бастапқы жұмыс аяқталған. Атап айтқанда, күштік трансформатор орнатылып, уақытша жолдар мен құрылыс штабы салынды.

Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, келесі айдан бастап жоба белсенді құрылыс кезеңіне өтеді. Жабдықтарды жеткізу 2027 жылдың І тоқсанына жоспарланған. Энергия нысандарының құрылысына шамамен 2,5 мың адам тартылады, ал пайдалануға беру кезеңінде 400-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жоба аясында кәсіпорынның экологиялық қауіпсіздігіне ерекше мән берілген. ЖЭО-да «таза көмір» технологиясы енгізіледі. Түтін газын кешенді тазарту жүйесі төмен эмиссиялы қыздырғыштар, катализаторлар және электр сүзгілерді қамтиды. Сонымен қатар түтін газдарын өңдеу кезінде құрылыс саласында пайдалануға жарамды гипс түзілетін күкірт тазарту реакторы орнатылады. Осылайша, станса ҚР Экологиялық кодексі талаптарына толық сәйкес болады.

Олжас Бектенов Көкшетау ЖЭО-сының құрылысы өңір инфрақұрылымын дамыту және оның өсіп келе жатқан қажеттіліктерін ескере отырып, халықты сапалы әрі үздіксіз жылу-энергиямен қамтамасыз ету үшін ерекше маңызды екенін атап өтті. Тек Көкшетау қаласының өзінде 2035 жылға дейінгі кезеңде жылу энергиясына деген қажеттілік сағатына 840 Гкал-дан асады деп болжанып отыр. Жыл сайын қалада 200-240 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар жаңа әлеуметтік нысандар – мектептер, ауруханалар, спорт мекемелері ашылуда.

Стансаның іске қосылуы өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға, қуат резервін қалыптастыруға және жылу жүйесінің ұзақмерзімді тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Көкшетаудың 195 мыңнан астам тұрғыны, оның ішінде Станционный кентінің халқы жылумен қамтылады. Сонымен қатар 600-ге жуық көппәтерлі тұрғын үй ыстық сумен қамтамасыз етіледі. ЖЭО құрылысы қаланың дамуына серпін беріп, жаңа кәсіпорындардың ашылуына ықпал етеді. «Самұрық-Энерго» АҚ мәліметінше, жобаны 2029 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланған.

Жалпы, ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, соңғы жылдары республика бойынша апатты жағдайда тұрған ЖЭО саны айтарлықтай азайған. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған 37 ЖЭО-ның 19-ы «қызыл» аймақта, 11-і «сары» және 7-уі «жасыл» аймақта болған. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша жағдай жақсарды: 9 станса «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, тағы 3 станса «сарыдан» «жасыл» аймаққа көшті. Нәтижесінде, қазіргі уақытта 17 ЖЭО – «сары» аймақта, 10 – «жасыл» аймақта.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша Премьер-министр жауапты министрліктерге, жергілікті атқарушы органдар мен тиісті ұйымдарға барлық қордаланған мәселені жедел түрде шешіп, жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктірмей, кідіріссіз  әрі уақтылы жүзеге асыруды тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған