Оқиға«Камералар қардан көрінбейді, экипаждар бос емес»: Қосшыда қауіпсіздік қалай...

«Камералар қардан көрінбейді, экипаждар бос емес»: Қосшыда қауіпсіздік қалай бақыланып отыр?

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында жаңа жыл таңында тұрғындардың тыныштығын бұзған алаңдатарлық оқиға болды. 1 қаңтар күні шамамен таңғы 7:30-да белгісіз ер адам жеке тұрғын үйдің ауласына заңсыз кіріп, үйге өтпек болған.

Оқиға Жамбыл көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, мас күйдегі ер адам қоршаудан өтіп, айқайлап, бейәдеп сөздер айтып, үй иелеріне қоқан-лоққы көрсеткен. Ол үйге кіргізуді талап етіп, терезелерді сындырумен қорқытқан. Тұрғындар өз күшімен бөгде адамды қуып шыққанымен, оның кім екені анықталмаған.

Айта кетерлігі, оқиға болған аумақта орнатылған бейнебақылау камералары іске жарамаған. Тұрғындардың сөзінше, камералар қар басып, бейнежазба жүргізбеген.

«Үйіміздің жеке ауласына бейтаныс ер адам кіріп, үйге өтпек болды. Айғайлап, балағаттап, өлтіремін деп қорқытты», – дейді үй иесі.

Тұрғындардың айтуынша, таңғы 7:35-те 112 нөміріне, ал 7:38-де 102 қызметіне қоңырау шалынған. Алайда полиция тарапынан жедел әрекет болмаған.

«102 қызметінен барлық экипаж бос емес деген жауап алдық. Түскі 12:00-ге дейін полиция келмеді. Мұндай жағдайда қайда жүгіну керек?» – деп сұрайды тұрғындар.

Қосшы тұрғындарын ерекше алаңдатып отырған мәселе – қаладағы бейнебақылау жүйесінің тиімділігі. Жуырда ғана қалада жүздеген жаңа камера орнатылғаны, ал олардың 1500-ге жуығы Жедел басқару орталығына (ЖБО) қосылғаны ресми түрде хабарланған еді.

Алайда тұрғындардың айтуынша, бұл камералар қыста тиісті деңгейде қызмет көрсетпейді.

«Камералар бір ай бұрын орнатылды, бірақ қардан тазаланбайды. Олар жол ережесін бұзған ауыр жүк көліктерін де тіркемейді. КамАЗ-дар тыйым салынған көшелермен еркін жүріп жатыр», – дейді қала тұрғындары.

Әлеуметтік желілерде бұл жағдай қызу талқылануда. Пікір қалдырушылар «жас әрі қарқынды дамып жатқан қалада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіліп отыр?» деген орынды сұрақ қояды.

Сондай-ақ, бейнебақылау камералары қармен жабылып, жұмыс істемей тұрған жағдайда, Жедел басқару орталығының нақты қызметі қандай және камераларға жауапты мекеме қысқы маусымда техникалық қызмет көрсетуді қалай жүзеге асырады? деген сұрақ туындайды.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша Қосшы қаласының полициясы мен жергілікті атқарушы органдарынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған