ЭкономикаАуыл шаруашылығы: рекордтық өнім және мал шаруашылығының өсуі

Ауыл шаруашылығы: рекордтық өнім және мал шаруашылығының өсуі

-

- Advertisment -spot_img

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыс ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсу қарқыны жөнінен елде бірінші орынға шықты. Жалпы өнім көлемі 1,2 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 15,9%-ға артты. Облыс елдің басты астықты өңірі мәртебесін тағы да растады: орташа өнімділігі 16,3 ц/га болған 7,6 млн тонна астық жиналды, бұл – елдегі жалпы өнімнің төрттен бірінен астамы.

Бұл туралы 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берген Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлімдеді.

«Жоғары рентабельді дақылдардың пайдасына егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. 2026 жылы майлы дақылдар егісін 600 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, бұл 2025 жыл деңгейінен 105 мың гектарға артық. Аграршылардың табысына мемлекеттік қолдау айтарлықтай ықпал етті: облыс «Кен Дала» және «Кен Дала-2» бағдарламалары бойынша 118,7 млрд теңге көлемінде ең көп қолжетімді несие қаражатын алды. Жалпы 2025 жылы агроөнеркәсіптік кешен қажеттіліктеріне шамамен 245 млрд теңге бағытталды», – деді Марат Ахметжанов.

Экспорт белсенді дамуда: 22 елге 3,6 млн тоннадан астам астық жөнелтілді. Эстониядағы Muuga Grain Terminaal астық терминалымен ынтымақтастықтың арқасында облыс өнімі Еуропа нарығына шықты. Сондай-ақ Эстониямен 1 тонна майлы дақыл жеткізуге меморандум жасалды. Норвегия, Алжир, Марокко және Вьетнам жаңа экспорт бағыттары ретінде айқындалды.

Мал шаруашылығы 4,8%-ға өсіп, ет өндірісі 7,4%-ға, сүт өндірісі 2,2%-ға артты. 2025 жылы үш сүт-тауар фермасы және бір бордақылау алаңы салынды. 2026 жылы екі ірі сүт-тауар фермасын, 10 мың басқа арналған бордақылау алаңын іске қосу және құс фабрикалары желісін кеңейту жоспарланып отыр.

Ерейментау ауданында ет кластерін құру жобасының маңызы ерекше. Жоба қалмақ тұқымды ірі қара малдың екі репродукторын және 30 мың басқа арналған бордақылау алаңын қамтиды. Кластер облыс пен астананы сапалы етпен қамтамасыз етіп, шағын және орта бизнес үшін экожүйе қалыптастырады әрі өңірдің ет индустриясының стратегиялық орталығына айналады.

Аграршыларды қолдау мақсатында «Ауыл аманаты» және «Игілік» жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары жалғасуда. Болжам бойынша, 2026 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,35 трлн теңгеге жетеді.

«Сонымен қатар елді мекендерді дамытуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің рөлі зор. Бизнес мемлекеттік бағдарламаларды жай ғана пайдаланып қоймай, ауыл келбетін жақсартуға да қаржы бағыттауы тиіс», – деп атап өтті өңір басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған