ҚР ІІМ жүйесіне қарайтын Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде мерзімді қызмет атқарып жүрген жас сарбаз өмірден өтті.
Ресми дерекке сәйкес, Жамбыл облысынан шақырылған әскери қызметші денсаулығына байланысты дәрігер көмегіне жүгінген. Ол Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда тексеріліп, дәрігерлер бақылауында болған.
Қайтыс болған сарбаз — Данияр Амалбеков.
2026 жылғы 6 қаңтар күні оның жүрегі кенеттен тоқтаған. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, сарбазды аман алып қалу мүмкін болмады. Алдын ала қойылған диагноз — жедел лейкоз.
Оқиғаға байланысты әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғап, мән-жайды анықтауға кірісті.




