Жағымды жаңалықтарЖас ақмолалықтарды Президенттік шыршада құттықтады

Жас ақмолалықтарды Президенттік шыршада құттықтады

-

- Advertisment -spot_img

Қазақстан Республикасының Президенті атынан ұйымдастырылған жаңа жылдық іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтті. Көкшетауда облыстың басты шыршасы «Bolashaq sarayi» Балалар мен жасөспірімдер сарайында жағылды. Салтанатты мерекеге облыстың қала-аудандарынан шамамен 200 бала шақырылды.

Мереке қонақтары қатарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ оқу, спорт және мектептің қоғамдық өмірінде жетістікке жеткен дарынды оқушылар болды.

Жаңа жыл қарсаңында балаларды облыс әкімі Марат Ахметжанов құттықтап, жаңажылдық ғажайыпқа тек балалар ғана емес, ересектер де сенетінін атап өтті.

«Көкшетаудағы жаңа жылдық шырша Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Ең бастысы – сендердің сапалы білім алып, лайықты тәрбие алуларың. Ол үшін біз, ересектер, жаңа мектептер ашып, заманауи спорт кешендерін салып жатырмыз. Алдарыңда үлкен жол ашық. Өзіңе сену, арманыңа сену және еңбек ету қажет. Сонда барлық арман-мақсаттарың міндетті түрде орындалады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Іс-шара бағдарламасы аясында шыршаны жағу рәсімі, мерекелік хоровод және ертегілік қойылым өтті.

Степногорск қаласының тұрғыны Дина Нұрахмет 6-сыныпта оқиды және мұндай деңгейдегі жаңа жылдық іс-шараға алғаш рет қатысып отыр. Мереке үшін ол шыршаның басты кейіпкері – Ақшақардың киімін таңдаған.

«Көкшетауда бізді өте жақсы қарсы алды. Қала мұражайларына экскурсия жасап, театрдағы қойылымды тамашаладық. Бізге нағыз мереке мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Баршаңызды Жаңа жылмен құттықтап, барлық істе табыс тілеймін», – деді жас қатысушы.

Мереке соңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан барлық қатысушыларға ақшалай сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Өңір тұрғындары мен облыс орталығының қонақтарын облыс әкімі Марат...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының директоры Сәуле Тәтемовамен кездесіп, сирек (орфандық) аурулары бар балаларды медициналық...

Зеренді ауданында Шағалалы ауылына апаратын жолды жөндеу басталды

Ақмола облысының Зеренді ауданында Көкшетау – Атбасар тас жолынан Шағалалы ауылына дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы...

«Шаңырақ» креативті хабы: жеңімпаздар анықталды

Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен «Шаңырақ» креативті хабы өз мәресіне жетіп, үздік қатысушылар анықталды. Байқауға Instagram, TikTok және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатының техникалық іске қосылуы өтті

Ақмола облысы Зеренді ауданының өндірістік алаңында «Qazaq Kaolin» ЖШС-де жабдықтың техникалық іске қосылуы өткізілді. Тау-кен байыту комбинаты Алексеевское кен...

Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 мыңнан астам көшет отырғызылды

Сандықтау ауданында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты. «Әрбір...

Оқу керек

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған