Жағымды жаңалықтарЖол бойы бірге жүретін байланыс: Астана – Көкшетау тасжолындағы...

Жол бойы бірге жүретін байланыс: Астана – Көкшетау тасжолындағы желі жаңартылды

-

- Advertisment -spot_img

Kcell байланыс операторы Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен Астана – Көкшетау тасжолындағы мобильді желіні ауқымды түрде жаңарту жұмыстарын аяқтады.

Желіні жаңарту нәтижесінде бүкіл тасжол бойында, сондай-ақ өңірдегі шағын елді мекендерде интернет пен байланыс тұрақтандырылды. Жұмыстар барысында Жол полициясы бекеті мен 35-разъезд секілді стратегиялық маңызды учаскелердегі инфрақұрылым жаңғыртылды. Сонымен қатар тасжол бойындағы бірқатар ауылдарда 4G желісі қолжетімді бола түсті: Шортанды, Бозайғыр, Алакөл; Кіші Барап, Айдарлы, Жаңаталап; Макинка, Атамекен, Жарқайың және Қатаркөл.

«Қараша айында жұмыстар жалғасын тапты: Дамса кентінде жаңа базалық станция орнатылып, Кенесары және Қарағай (Сосновка) ауылдарында жабдықтар толықтай заманауи техникаға ауыстырылды. Біз үшін заманауи цифрлық инфрақұрылымның тек қалаларда ғана емес, тасжолдар мен шағын ауылдарда да қолжетімді болуы маңызды», – деп атап өтті басқарма басшысы Мағжан Ержан.

Атқарылған жұмыстардың арқасында бағыт бойындағы негізгі «ақ дақтар» толықтай жойылды. Енді сапалы интернет пен тұрақты байланыс жүргізушілерді жол бойы үздіксіз сүйемелдейді, ал жол жиегіндегі ауыл тұрғындары барлық заманауи цифрлық сервистерге қол жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған