Денсаулық2025 жыл Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі үшін ауқымды...

2025 жыл Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесі үшін ауқымды өзгерістер жылы болды

-

- Advertisment -spot_img

2025 жылы өңір «Ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту» Ұлттық жобасының негізгі міндеттерін толық орындап, медициналық инфрақұрылымды барлық деңгейде нығайтты – аудандық ауруханаларды жаңартудан бастап заманауи технологияларды енгізу және кадрлық әлеуетті күшейтуге дейін.

Соңғы екі жылда ауылдық жерлерде 38 медициналық нысан салынды, бұл 75 мыңнан астам тұрғынға дәрігерлік көмекке қол жеткізуді қамтамасыз етті. Олардың оны мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен тұрғызылды. Арнайы мемлекеттік қор есебінен Атбасар аудандық ауруханасының басты корпусының күрделі жөндеуі де аяқталды.

Ауқымды жобалардың бірі – Біржан сал ауданында ауданаралық аурухана салу болды. Сондай-ақ, Көкшетау қаласында 630 төсекке арналған көпсалалы аурухана салынып жатыр, Косшы қаласында 1000 қабылдауға арналған стационар мен поликлиника құрылысы аяқталуда, Көкшетау қаласындағы облыстық балалар ауруханасының алты қабатты корпусын және «Болашақ» қалпына келтіру орталығын күрделі жөндеу жүргізілуде.

Жабдықпен қамтамасыз етуге бөлек көңіл бөлінді: биыл 6,8 млрд теңгеге 234 бірлік медициналық техника сатып алынды, жеткізілім жыл соңына дейін аяқталады. Кадр тапшылығы 22%-ға төмендеді, өңірге 256 маман тартылды, оның ішінде 139 дәрігер бар.

Перинаталды орталықта ұрық қорғау орталықтары, бір күндік клиника, телемедициналық орталық және «Дені сау ана» пансионаты ашылды. Бұл жүкті әйелдердегі қауіпті жағдайларды 29%-ға төмендетуге және ауруханаларға уақытында жатқызуды 20%-ға арттыруға мүмкіндік берді.

Қашықтағы елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін 11 мобильді медициналық кешен қамтамасыз етеді. Бір жыл ішінде олар 302 елді мекенді аралап, 42 мыңнан астам адамды тексеріп, шалғай аудандарда тұрақты консультация мен диагностика жүргізді. Медициналық авиация 410 шұғыл шақыруды орындап, пациенттерді уақытында жеткізді. Пациенттерге дәрі-дәрмекті қауіпсіз және тиімді қамтамасыз ету үшін Жақсы, Астрахан және Жарқайын аудандық ауруханаларында 3 госпитальдық фармация бөлімшесі ашылды.

Өлім-жітім мен ауру көрсеткіштері төмендеді: жалпы өлім-жітім – 4%-ға, жүрек-қан тамырлары аурулары – 9,4%-ға, жарақаттар мен уланулар – 5,3%-ға азайды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған