Жағымды жаңалықтарҚосшыдағы қуаныш: «Кәусар» ұлттық би үйірмесі Халықаралық байқауда Гран-при...

Қосшыдағы қуаныш: «Кәусар» ұлттық би үйірмесі Халықаралық байқауда Гран-при иеленді

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласы Мәдениет үйі жанындағы «Кәусар» ұлттық би үйірмесінің жас таланттары халықаралық деңгейде ел мерейін үстем етті. Шығармашылық ұжым өнер бәйгесінде үздік нәтиже көрсетіп, Гран-при жүлдесін қанжығасына байлады. Бұл — ұжымның жүйелі еңбегі мен кәсіби дайындығының нәтижесі, сондай-ақ ұлттық би мектебінің әлеуетін айқын көрсеткен жеңіс.

Өнерпаздардың сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлігі мен ұлттық нақышты жаңаша жеткізе білуі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жас бишілердің әр қимылы мен композициялық тұтастығы көрерменнің де ыстық ықыласына бөленді.

Ұжымның жетекшісі Қалыбаева Әсел Бақытқызының еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Ол шәкірттерін би мәдениетінің терең мәнін ұғындырып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін кәсіби машықпен ұштастырып келеді. Ұстаздың ұқыпты дайындығы, талапшылдығы мен шығармашылық ізденісі жас дарындардың биік жетістікке жетуіне жол ашты.

«Кәусар» үйірмесінің жеңісі — Қосшы қаласы өнерінің ғана емес, қазақ биінің халықаралық деңгейде танылуының көрсеткіші. Бұл жетістік жас буынның ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, жаңа мақсаттарға жетелей түсетіні сөзсіз.

Өнер ұжымын тарихи жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық шабыттары артып, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Қосшы қаласында су тасқынына қарсы шаралар талқыланды

Өңір басшысы мен жедел штаб Қосшы қаласындағы проблемалық учаскелерге барып, су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін талқылады. Қаланың ахуалы туралы қала...

Ұлттық рекорд: Көкшетауда «Бес асық» ойыны бойынша ауқымды шара өтті

2026 жылғы 17 наурызда Көкшетау қаласындағы Теннис орталығында ұлттық мұраны ұлықтауға бағытталған маңызды іс-шара өтті. Мәдени кодты сақтау аясында...

Көкшетауда «Қыз ғұмырдың құпиялары» байқауы өтті

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» КММ сахнасында Наурыз мерекесі тек концерттер мен халықтық ойын-сауықпен ғана шектелмей, «Қыз ғұмырдың құпиялары» атты байқаумен...

Ақмола облысында су тасқынының шарықтау кезеңі қарсаңында алдын алу шаралары күшейтілді

Қанат Бозымбаев Ақмола облысына екі күндік жұмыс сапарымен келіп, өңір басшысы Марат Ахметжановпен бірге Астрахан, Шортанды, Аршалы, Целиноград және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов республикалық референдумға қатысты

Марат Ахметжанов жұбайымен бірге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша референдумда өз дауыстарын облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында...

Алғашқы республикалық жарыстар «Kokshe Arena» көпфункционалды спорт кешенінде өтуде

Алғаш рет «Kokshe Arena» спорт кешені республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу алаңына айналды. Чемпионатқа сегіз волейбол командасы қатысуда, олардың қатарында...

Оқу керек

Қосшы қаласында су тасқынына қарсы шаралар талқыланды

Өңір басшысы мен жедел штаб Қосшы қаласындағы проблемалық учаскелерге...

Ұлттық рекорд: Көкшетауда «Бес асық» ойыны бойынша ауқымды шара өтті

2026 жылғы 17 наурызда Көкшетау қаласындағы Теннис орталығында ұлттық...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған