Жағымды жаңалықтарҚосшыда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты әлеуметтік қолдау...

Қосшыда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетілді

-

- Advertisment -spot_img

Қосшы қаласында қазан айы бойы – 1-інен 31-іне дейін – Қарттар күніне арналған «Қамқорлық айлығы» өтті. Бұл іс-шара республикалық жоспар аясында жүзеге асып, қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталды.

Айлықтың басты мақсаты – аға буын өкілдерінің өмір сапасын арттыру, олардың қоғамдағы белсенділігін қолдап, құрмет пен қамқорлық көрсету болды.

Қосшы қаласында қазіргі таңда 424 мүгедектігі бар тұлға тіркелген. Оның ішінде:

I топтағы мүгедектігі барлар – 78 адам,

II топ – 152 адам,

III топ – 95 адам,

мүгедектігі бар балалар – 99.

  • Айлық аясында әлеуметтік бағыттағы нақты істер жүзеге асырылды.
    299 қарт азаматқа материалдық көмек көрсетілді;
  • Зейнет жасына жеткен 57 адамға шипажай-курорттық емделуге қаржылай қолдау берілді;
  • Жұмыспен қамту мәселесіне де ерекше назар аударылды.

«Күміс жас» жобасы аясында 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұл жоспардың 115,4 пайызға орындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға арналған бір әлеуметтік жұмыс орны ашылды.

Қалалық жұмыспен қамту орталығы 9 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып, оған 260-тан астам тұрғын қатысты. Олардың арасында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар.

«Біздің мақсат – бір реттік көмекпен шектелмеу. Ең бастысы – адамдардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау. Қосшыда бұл бағытта жүйелі жұмыс жолға қойылған», – дейді Қосшы қаласы әкімдігінің әлеуметтік бөлімінің өкілдері.

Айлық аясында ұйымдастырылған іс-шаралар қаланың әр аумағын қамтып, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық белсенділіктің жақсы үлгісін көрсетті.

Мұндай игі істер қоғамдағы мейірім мен өзара сыйластықтың арта түсуіне, сондай-ақ әр буынның арасындағы байланыс нығаюына сеп болады.

«Қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға қамқорлық – қоғамның рухани деңгейін көрсететін өлшем», – дейді ұйымдастырушылар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған