Жағымды жаңалықтарАқмола облысында Республика күні аталып өтті

Ақмола облысында Республика күні аталып өтті

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетауда Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан 50-ден астам ақмолалық мемлекеттік наградамен марапатталды.

Облыс тұрғындарын еліміздің басты мемлекеттік мерекесімен құттықтаған Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Республика күнінің айрықша мәнін атап өтті. Биыл бұл мереке еліміздің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Аталған тарихи құжат елдің саяси жүйесінің қалыптасуына жол ашып, мемлекеттік құрылыстың маңызды қағидаттарын бекітті.

Өз сөзінде өңір басшысы ақмолалықтардың облыс пен елдің дамуына қосқан зор үлесін ерекше атап өтті.

«Соңғы жылдары Президенттің бастамасымен түрлі бағыттарда ауқымды реформалар жүргізілуде. Мемлекетіміздің жаңа дәуірі басталды. Елде «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылуда. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында біз үлкен жетістіктерге жеттік. Өңіріміздің дамуына белсенді атсалысып келе жатқан баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін», – деді Марат Ахметжанов.

Аймақ басшысы сонымен қатар облыс диқандарын өңір үшін тарихи маңызы бар егін жинау науқанының табысты аяқталуымен құттықтады.

«Уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде дәнді дақылдардың өнімділігі артты, ал егін орағы сапалы және мерзімінде жүргізілді. Соның нәтижесінде облысымыз рекордтық көлемде – 7,6 млн тонна астық жинады», – деп атап өтті өңір басшысы.

Өз баяндамасында Марат Ахметжанов инвестиция, тұрғын үй және әлеуметтік құрылыс, сондай-ақ басқа да салалардағы жетістіктерге тоқталды.

Салтанатты жиын мемлекеттік марапаттарды табыстау рәсімімен жалғасты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласының еңбеккерлерін, денсаулық сақтау және білім беру саласының өкілдерін, сондай-ақ еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған