Қоғам«Степняк су» басшысы Жақсылық Азнабаев 44 миллион теңге мәселесінде...

«Степняк су» басшысы Жақсылық Азнабаев 44 миллион теңге мәселесінде басшылықпен келіспеді

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының Степняк қаласында коммуналдық кәсіпорын төңірегінде шу шықты. «Степняк су» мекемесінің директоры Жақсылық Азнабаевқа түскен 44 миллион теңгені мердігерлерге аудару, қалғанын ғана жұмысшыларға беру тапсырылған. Алайда ол бұл шешіммен келіспей, қаржыны ең алдымен бірнеше ай бойы еңбекақысыз жұмыс істеген ұжымға төлеуді талап етті, деп хабарлайды Nayzakokshe.kz тілшісі.

Жақсылық Азнабаев бұл қызметке алты ай бұрын келген. Бұған дейін ол Степняк қаласының қоғамдық белсендісі ретінде танылған. Тіпті, былтыр қала әкімі лауазымына өз кандидатурасын ұсынған, алайда оның өтініші қабылданбаған.

«Мен бұл орынға пайда табу үшін келген жоқпын. Мұндағы адамдар айлап еңбекақысыз жүр. Ал оларға тиесілі қаражатты басқа мақсатқа жұмсау – заң бұзушылық», – дейді Азнабаев.

Кәсіпорын ұжымы да басшысын қолдап отыр. Олар бүгін арнайы жиналыс өткізіп, Жақсылық Азнабаевтың шешімін әділ деп есептейтінін айтты.

«Біздің еңбекақымыз бірнеше айдан бері төленбеген. Басшымыз осы мәселені көтеріп жүр. Егер ол кетсе, біз тағы да ұмыт қаламыз», – дейді мекеме қызметкерлерінің бірі.

Алайда, басшылық тарапынан қысым болуы мүмкін екені айтылып отыр. Егер Азнабаев нұсқауды орындамаса, қызметінен айырылуы ықтимал.

Мәселенің түп төркіні – кәсіпорынға түскен 44 миллион теңге. Бұл қаржының мақсаты – жұмысшылардың жалақысын өтеу. Бірақ кей деректерге сүйенсек, жоғары жақ бұл соманы мердігер ұйымдарға бағыттауды тапсырған.

Құқықтық тұрғыдан алғанда, мақсатты қаржыны басқа бағытқа пайдалану – бюджет заңнамасын бұзу болып саналады.

Жақсылық Азнабаев қазір таңда заң мен ардың ортасында тұр. Ал оның ұжымы мен жергілікті тұрғындар басшысының әділ шешім қабылдауына сенім артып отыр.

Nayzakokshe.kz бұл даудың одан әрі өрбуін бақылауда ұстайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған