ҚоғамИт еті жөніндегі дау: Ақмола облысы ветеринарлары не дейді?

Ит еті жөніндегі дау: Ақмола облысы ветеринарлары не дейді?

-

- Advertisment -spot_img

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен бірқатар ақпараттық арналарда Ақмола облысында ит етін пайдалану жөнінде тараған деректер қоғамда үлкен резонанс тудырды. Желі қолданушыларының айтуынша, белгілі бір фирма қаңғыбас иттерді аулап, олардың етін өңдеп, кейбір қоғамдық тамақтану орындарына жеткізген-мыс.

Мұндай ақпарат, әрине, жұртшылықтың алаңдаушылығын туғызды. Себебі, адам денсаулығына тікелей қатысы бар азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі – кез келген қоғам үшін аса маңызды.

Бірақ, ресми деректерге сүйенсек, аталмыш оқиға 2022 жылы болған. Ол кезде Шортанды ауданындағы бір кәсіпорында қысқа мерзімге жұмысқа орналасқан азаматтың әрекетіне байланысты тексеріс жүргізілген. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша құқық қорғау органдарының растаған жаңа деректері жоқ.

Ақмола облысының ветеринария басқармасы да тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, өңір аумағында сатылымға түсетін ет өнімдерінің барлығы тиісті ветеринарлық-санитарлық бақылаудан өтеді және әр партияға сертификат беріледі.

Сонымен қатар, ет өнімдерінің бағасы соңғы айларда шынымен де өскен. Нарықтағы сиыр етіне деген сұраныс жоғары, ал ұсыныс азаюда. Бұл жағдайдың себептері қатарында жем-шөп бағасының көтерілуі мен мал басының азаюы аталады.

Халықтың күмәні мен сұрақтарының болуы түсінікті. Алайда, ресми органдардың мәліметі мен бақылау тетіктеріне сүйенсек, облыс аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарында ит етін пайдалану фактілері анықталмаған.

Азық-түлік қауіпсіздігі – тек биліктің емес, баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Сондықтан жалған ақпарат тарату немесе тексерілмеген мәліметті бөлісу қоғамның сеніміне нұқсан келтіріп, негізсіз үрей тудыруы мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған