Қоғам«Егер үйлер жөнделмесе — төтенше жағдай жариялаймыз»: Ахметжанов Атбасарда...

«Егер үйлер жөнделмесе — төтенше жағдай жариялаймыз»: Ахметжанов Атбасарда мәселе көтерді

-

- Advertisment -spot_img

Атбасарда былтырғы су тасқынынан кейін салынған тұрғын үйлер төңірегінде тағы да дау шықты. Жаңа пәтерлерге қоныстанған тұрғындар қабырғасы жарылып, төбесі ағып, жылу жүйесі істен шыққан үйлердің жайына шағымдануда.

Қуаныш орнауы тиіс жаңа баспана бүгінде көпшілік үшін бас ауыртар мәселеге айналған.

Тұрғындармен кездескен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәселені ашық көтеріп, мердігерлер мен жауапты шенеуніктерге қатаң ескерту жасады.

«Егер жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілсе, төтенше жағдай жариялауға дейін барамыз. Әрбір кезең бақылауда болуы тиіс. Мұндай жауапсыздыққа жол берілмейді», — деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, былтыр дәл осы жобаларға байланысты бірқатар адамдар сотталған. Бірақ, өкінішке қарай, сабақ алғандар аз.

Тұрғын Айгүл Тлесова өңір басшысына фото және видео дәлелдер салынған папкасын ұсынбақ болғанын айтты. Алайда, оған «жоғары жаққа шығуға» мүмкіндік бермеген.

Айта кетейік, Атбасарда былтыр да осы мәселе бойынша бірнеше шенеунік пен мердігерлер сотталған болатын. Алайда, тұрғын үйлердің сапасына қатысты шағымдар биыл да басылар емес.

Марат Ахметжановтың Атбасар ауданының тұрғындарымен кездескен видеожазбаны nayza_kokshe инстаграм парақшамыздан көре аласыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Өңір тұрғындары мен облыс орталығының қонақтарын облыс әкімі Марат...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының директоры Сәуле Тәтемовамен кездесіп, сирек (орфандық) аурулары бар балаларды медициналық...

Зеренді ауданында Шағалалы ауылына апаратын жолды жөндеу басталды

Ақмола облысының Зеренді ауданында Көкшетау – Атбасар тас жолынан Шағалалы ауылына дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы...

«Шаңырақ» креативті хабы: жеңімпаздар анықталды

Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен «Шаңырақ» креативті хабы өз мәресіне жетіп, үздік қатысушылар анықталды. Байқауға Instagram, TikTok және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатының техникалық іске қосылуы өтті

Ақмола облысы Зеренді ауданының өндірістік алаңында «Qazaq Kaolin» ЖШС-де жабдықтың техникалық іске қосылуы өткізілді. Тау-кен байыту комбинаты Алексеевское кен...

Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 мыңнан астам көшет отырғызылды

Сандықтау ауданында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты. «Әрбір...

Оқу керек

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған