ҚоғамЦемент зауытындағы жағдай: жұмысшылардың тағдыры қыл үстінде

Цемент зауытындағы жағдай: жұмысшылардың тағдыры қыл үстінде

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы Заозерный кентінде орналасқан «Көкше цемент» зауыты бүгінде ауыр кезеңді бастан өткеріп отыр. Жалақының кешігуі, өндірістің тоқтауы, басқарудағы жүйесіздік – жұмысшылардың үмітін үзген басты себептер, деп хабарлайды Nayzakokshe.kz тілшісі.

Кәсіпорын директоры Оспанов отставкаға арыз берді. Бұл – бір адамның ғана емес, бүтін ұжымның тағдырына тікелей әсер ететін шешім. Себебі жүздеген жұмысшы ертеңгі күнін ойлап, екіұдай күй кешіп отыр.

Жұмысшылардың айтуынша, бақылау кеңесі мен құрылтайшылар зауытты қараусыз қалдырған. Енді еңбекақыны тек сот арқылы өндіріп алу мүмкіндігі бар, бірақ ол ұзақ уақытты қажет етеді. «Соттасып жүріп айлығымызды аламыз ба, жоқ па?» деген сауал әрбір отбасының жанайқайына айналды.

Бұл қиындықты тек Заозерный кентінің тұрғындары ғана емес, Краснофлот, Кеңащы, Андықожа батыр, Аңғал батыр, Тасшалқар, Степняк ауылдарының жұмысшы жастары да сезінуде. Көкшетаудан, Зеренді мен Сандықтау аудандарынан қатынап істейтіндер де бар. Демек, зауыттың тоқтап қалуы тұтас өңірдің әлеуметтік жағдайына салмақ түсірмек.

Зауыттың меншік иелері – Карина Сәрсенова мен оның шетелдік жұбайы Ауджелло Марко қандай шешім қабылдайды? Әзірге белгісіз. Ал жұмысшылар күн сайын зауыт табалдырығынан осындай жағымсыз хабарды естіп шаршады. Бірі еңбекақысы сақталмайтын еңбек демалысына арыз жазса, енді бірі жалақыдан үмітін үзбей жүр.

Бұл мәселенің мән-жайын министрлік те, Президент әкімшілігі де біледі. Бірақ жеке кәсіп иесінің халық алдындағы жауапкершілікті сезінуі – ең негізгі шарт. Егер әлеуметтік тұрақтылық пен аймақтың экономикасы ескерілмесе, дағдарыстың салдары тереңдей бермек.

Цемент зауытындағы жағдай – біздің елдегі өндіріс орындарына тән ортақ мәселенің көрінісі. Қағаздағы жоспар мен нақты өмір арасындағы алшақтықты азайтпайынша, мұндай түйткілдер шешілмейді. Ең бастысы – халықтың еңбегі еленуі, әрбір жұмысшының құқығы қорғалуы тиіс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған