Жағымды жаңалықтарЕсіл ауданы: цифрландырылған алқаптар, жоғары өнімділік және жаңа мүмкіндіктер

Есіл ауданы: цифрландырылған алқаптар, жоғары өнімділік және жаңа мүмкіндіктер

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында өз алқаптарын аграрлық өндіріске алғашқылардың бірі болып цифрландырған кәсіпорын – Есіл ауданындағы «Заречное» ЖШС. Мұнда облыс әкімі Марат Ахметжанов диқандармен кездесіп, орақ науқанының аралық қорытындыларын талқылады.

Шаруашылық 45 мың гектардан астам жерді игеруде, оның 42 мыңнан астамы егістікке бөлінген. Негізгі дақыл – бидай, оған шамамен 26 мың гектар жер қарастырылған. Сондай-ақ арпа, сұлы, жасымық және мал азықтық шөптер өсіріледі. Цифрландыруды енгізу алқаптардың жағдайын дәлірек бақылауға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік берді. Алайда бұл қарапайым еңбек адамдардың рөлін кемітпейді. Орақ науқаны тәулік бойы жүргізілуде, ал механизаторлардың еңбегі жоғары бағаланады – науқанның қызған шағында машинистердің жалақысы күніне 120 мың теңгеге дейін жетеді.

Жалпы, Есіл ауданы жақсы нәтижелер көрсетуде. Орақ жұмыстарына 838 комбайн, 800 трактор, 250 жүк көлігі және 138 орақ қатыстырылды. Жыл басынан бері ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 264 техника бірлігін сатып алды. Себу және орақ науқандарын өткізу үшін диқандардың барлығы қамтамасыз етілді: тек тыңайтқыштарды субсидиялау бағыты бойынша 12 млрд теңге бөлінді, ал жанар-жағармайға деген қажеттілік толық жабылды.

«Сіздер әрқашан себу науқанына дейін қажетті несие қаражатын беруді сұрайсыздар. Биыл тыңайтқыштарға біз 12 млрд теңге субсидия бөлдік, соның 60%-ы уақытылы жеткізілді. Барлық өтінімдер бойынша дизель отыны толық қамтамасыз етілді. Облыс 47 млрд теңгеге жаңа ауыл шаруашылығы техникасын – бір жарым мың комбайн мен басқа да машиналарды сатып алды, бұл сіздерге өз өнімдеріңізді сапалы әрі тиімді жинап алуға мүмкіндік береді. Биылғы жоспарлар жақсы, бүгінгі күні біз 4 млн тонна астық бастырып үлгердік», – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Кездесуде мал шаруашылығы мәселелері де қаралды. «Заречное» шаруашылығында 1500 бас ІҚМ-ға арналған бордақылау алаңы жұмыс істейді. Аудан сондай-ақ мал азығын дайындауды белсенді жүргізуде: бүгінгі күнге 505 мың тонна немесе алдағы қысқа қажеттіліктің 101,6%-ы дайындалды. Бұдан бөлек, ауданда астық сақтауға арналған қуатты инфрақұрылым қалыптасқан. Жалпы сыйымдылығы 551 мың тонна болатын 9 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді, қосымша шаруашылықтардың өзінде 247,7 мың тонна сақтау орны бар. Тұқым дайындау үшін заманауи жабдықтар – «CIMBRIYA» және «WESTRUP» кешендері қолданылады.

Аграрлардың айтуынша, цифрлық технологияларды енгізу тәуекелдерді азайтуға көмектеседі, ал мемлекеттік қолдау өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді. Алдағы жоспарларда – жаңа қоймалар салу және мал шаруашылығы базасын дамыту бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Өңір тұрғындары мен облыс орталығының қонақтарын облыс әкімі Марат...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының директоры Сәуле Тәтемовамен кездесіп, сирек (орфандық) аурулары бар балаларды медициналық...

Зеренді ауданында Шағалалы ауылына апаратын жолды жөндеу басталды

Ақмола облысының Зеренді ауданында Көкшетау – Атбасар тас жолынан Шағалалы ауылына дейінгі автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы...

«Шаңырақ» креативті хабы: жеңімпаздар анықталды

Ақмола облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткен «Шаңырақ» креативті хабы өз мәресіне жетіп, үздік қатысушылар анықталды. Байқауға Instagram, TikTok және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында «Qazaq Kaolin» ЖШС-нің тау-кен байыту комбинатының техникалық іске қосылуы өтті

Ақмола облысы Зеренді ауданының өндірістік алаңында «Qazaq Kaolin» ЖШС-де жабдықтың техникалық іске қосылуы өткізілді. Тау-кен байыту комбинаты Алексеевское кен...

Сандықтау ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2 мыңнан астам көшет отырғызылды

Сандықтау ауданында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілді. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты. «Әрбір...

Оқу керек

Ақмола облысы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті

Көкшетау қаласында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған салтанатты іс-шаралар...

Ақмола облысында орфандық аурулары бар балаларға қосымша 1,5 млрд теңге бөлінді

Облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова «Kobelek balalar» қоғамдық қорының...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған