ҚоғамБалаларға арналған ойын алаңының қазіргі жағдайы алаңдатады

Балаларға арналған ойын алаңының қазіргі жағдайы алаңдатады

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетаудың Центральный шағынауданындағы Сүлейменов көшесінің бойындағы балалардың ойын алаңы адам шошырлық күйге түскен. Бір кездері қала басшылығы мақтанышпен ашқан бұл аумақ қазір қаңырап бос қалған тастанды қаладағы иесіз аймақты елестетеді.

Орындықтар жоқ, жыпырлаған қоқыс жәшіктері қирап, айналаға шашылған қоқыс қалдықтарынан көз сүрінеді. Әткеншек, турник, жаттығу құралдарының сірескен темірлері сынған, кейбірінің болттары босап, қозғалған сайын сықырлап тұр. Мұндай жағдайда ойнаған баланың жарақат алу қаупі жоғары.

Алаңды арамшөп басып кеткен, жерлері ойылып, шұңқырларға толған. Былтыр күзде орнатылған жарық бағандарының өзі қисайып, кез келген сәтте құлап кетуі мүмкін. Түнде қараусыз қалған аумақ қараңғылыққа көмкеріліп, қоқыс тастап кететін жерге айналған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл алаңды бір кездері салтанатты түрде ашып, камера алдында уәде берген шенеуніктер содан бері ат ізін салмаған. Балалар алаңының қаңыраған жай-күйі туралы бірнеше БАҚ пен блогерлер де жазып, бейнематериалдар жариялаған. Алайда одан еш нәтиже шықпады.

– Осы ауданда тұрғаныма 25 жылдай болды. Бір жылдары Қожамжаров әкім болып жүргенде осы алаңды келіп, лентасын қиып ашқан еді. Содан бері бірде-бір әкімнің төбе көрсеткенін көрген жоқпыз. Бүгінгі жағдайы өздеріңіз көріп тұрғандай – аянышты. Бұл масқараға кім жауап береді? – дейді қала тұрғыны Гүлсім Сейітқызы.

Мәселенің ең қауіпті тұсы – балалардың амандығы. Бюджеттен қаржы бөлініп, қағаз жүзінде есеп берілгенімен, іс жүзінде жоба қараусыз қалған. Әкімдіктегілердің бейқамдығы мен бақылаусыздығының кесірінен қарапайым тұрғындар балалары үшін алаңдаулы.

Қала әкімдігі бұл сынға құлақ аса ма, жоқ әлде әдеттегідей «жоспарға енгіздік, қарастырамыз» деп құрғақ сөзбен шектеле ме – ол жағы беймәлім. Бірақ бір нәрсе анық: бүгінгі жағдай балалардың өміріне қауіп төндіретіндей деңгейге жеткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған