Жағымды жаңалықтарБалабақшадағы тегін тамақтандыруға өзгеріс: шенеунік түсіндірмесі

Балабақшадағы тегін тамақтандыруға өзгеріс: шенеунік түсіндірмесі

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тегін тамақпен қамту тәртібіндегі өзгерістерді түсіндірді.

Әміренованың айтуынша, соңғы уақытта ата-аналардан, әсіресе көпбалалы отбасылардан өтініш көбейген. Бірақ 1 қыркүйектен бастап күшіне енген Үкіметтің №320 қаулысына сәйкес, бұл санаттағы отбасыларға қойылатын талап күшейтілген. Енді балабақшада тегін тамақ алу үшін отбасы атаулы әлеуметтік көмекке іліккен болуы немесе жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы шарт. Ол үшін тиісті құжат тапсыру қажет.

Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі нақты мысал да келтірді.

«Жеті бала асырап отырған отбасы бар. Әкесі облыстағы ірі кәсіпорындардың бірінде басшылық қызмет атқарады. Бұрын олар, көпбалалы болғаны үшін, балабақшада тегін тамақтану құқығын пайдаланатын. Қазір мұндай мүмкіндік берілмейді. Өйткені отбасының табысы балалардың тамағын өздері төлеуге жеткілікті», — деді Алтынай Әміренова.

Ол бұл өзгерістерді Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың ұстанымымен байланыстырады.

«Әлеуметтік қолдау әділетті болуы тиіс, яғни ол шынымен мұқтаж адамдарға ғана көрсетілуі керек», — деп түйіндеді Алтынай Әміренова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған