ҚоғамКөкшетаудағы педагогикалық колледжде 285,7 миллион теңгенің заңсыз түрде қолма-қол...

Көкшетаудағы педагогикалық колледжде 285,7 миллион теңгенің заңсыз түрде қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған

-

- Advertisment -spot_img

Жуырда жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қоғамды селт еткізді. Ақмола облысындағы бірқатар колледждерде анықталған заңсыздықтар мен жемқорлық деректері ел ертеңіне балта шабатын ауыр қылмыс екенін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Nayzakokshe.kz.

Бұл туралы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының директоры Игорь Плюснин мәлімдеді. Ол бұл деректерді Тексеру комиссиясы жүргізген мемлекеттік аудит қорытындысына сүйеніп айтып отыр.

Атап айтқанда, Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінде 285,7 миллион теңге заңсыз түрде қолма-қол ақшаға айналдырылғаны анықталған. Таң қаларлығы – бұл соманы ресми құжаттарда түрлі айламен жасыруға тырысқан. Мәселен, бухгалтерлік құжаттарда 3 миллион теңге 3000 теңге ретінде, ал 2 миллион теңге 2000 теңге ретінде көрсетілген. Бұл – жай ғана қателік емес, жүйелі түрде ұйымдастырылған қаржылық қылмыс.

«Қаражатты жымқыруды жасыру үшін құжаттар қолдан жасалған, кейбір сомалар бойынша жалған «тәркілеу» актілері жасалған», – дейді Игорь Плюснин.

Ол атап өткендей, бұл әрекеттер құқық қорғау органдары мен қоғам тарапынан жедел әрекет етуді талап етеді.

Заңсыз жалға беру – пайда табудың жаңа жолы

Тексеріс кезінде колледждің оқу бөлмелері мен жабдықтарының жеке тұлғаларға шартсыз әрі ақысыз жалға берілгені белгілі болды. Осылайша, мемлекеттік мүлік арқылы пайда көргендер бюджетке 2,9 миллион теңге көлемінде залал келтірген.

Тағы бір шым-шытырық жайт – сол «арендаторлар» колледжде ресми қызметкер ретінде тіркеліп, жалақы алып отырған. Ал оқу орнында «жалған аспаздар мен тазалықшылар» штатты көбейту арқылы қосымша ақша «игерілген».

Қолма-қол ақша – қалтаға, ал білім – екінші орынға

Аудит көрсеткендей, 30 миллион теңге көлемінде жалған жалақы қарызы пайда болған. Ал колледж мұғалімдерінің біріне заңсыз 10 миллион теңге аванс беріліп, бұл қаражат қайтарылмаған.

Ең сорақысы – аталмыш оқу орнының директоры мен бас бухгалтері – жақын туыс. Демек, бұл жерде әңгіме кездейсоқ олқылықтар емес, отбасылық жемқорлық жүйесі жайлы болып отыр.

«Бұл тек есептер мен сандар ғана емес – бұл студенттердің болашағынан ұрланған үміт. Ата-аналар маңдай терімен тапқан қаражатты балаларын оқытсын деп сеніп тапсырса, кейбір басшылар оны қалтасына басып, білімді бизнеске айналдырған. Біз бүгін барша құзырлы органдардан нақты әрекет күтеміз», – деп қосты Игорь Плюснин.

Ол бұл іске экономикалық тергеп-тексеру департаменті, ҚР Бас прокуратурасы, Оқу-ағарту министрлігі, Мемлекет басшысының әкімшілігі дереу араласу керектігін айтады.

Жемқорлық жазасыз қалмауы тиіс

Егер бұл деректер жабылып, кінәлілер жазаланбаса – ертең дәл осындай жағдай өзге колледждерде де қайталануы мүмкін. Бұл оқиға – билікке берілген үлкен сынақ. Мемлекет жастардың болашағын қорғауға қауқарлы ма? Әлде, жемқорлық жайлаған жүйе жеңіп кете ме?

«Бүгін ата-аналар мен студенттер әділет талап етіп отыр. Қоғам үн қатты – жауап беретін уақыт келді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жайсыз ахуалға назар аударуы қажет», – деп түйіндеді қоғам белсендісі.

Түйін

Білім саласындағы жемқорлық – ел болашағына қарсы жасалған қылмыс. Бұл – жай қаржылық бұрмалаушылық емес, ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Астрахан ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

Астрахан ауданының Жалтыр ауылында «Ақбеит» кен орны базасында алтын өндіру фабрикасы ашылды. Өндіріс сингапурлық инвесторлардың қатысуымен Aina Resources ЖШС...

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...

Оқу керек

Астрахан ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

Астрахан ауданының Жалтыр ауылында «Ақбеит» кен орны базасында алтын...

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған