Ақмола облысы Астраханка ауылындағы №1 мектеп-гимназияда ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 1967 жылы салынған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Оқушылардың білім алуына және қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасалды. Жұмыс сапары барысында білім ордасының бүгінгі тыныс-тіршілігімен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысты.

Жаңғырту жұмыстары 2024 жылы «Қазақстанхалқына» қорының қолдауымен жүзегеасырылды. Нәтижесінде 18 оқу кабинеті жаңартылып, төрт зертхана жабдықталды. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылықжәне техникалық қабілеттерін дамытумақсатында телестудия, арт-студия мен робототехника кабинеті ашылды. Мұндабалалар заманауи технологияларды меңгеріп, өз жобаларын жүзеге асыра алады.

Сапар барысында өңір басшысына ұлдармен қыздарға арналған технология кабинеттерітаныстырылып, химия және физика сабақтарының барысы көрсетілді. Сондай-ақоқушылар IT саласындағы өз жобаларынұсынып, цифрлық шешімдердің оқу үдерісіндеқалай қолданылатынын баяндады. Ерекше білімберу қажеттіліктері бар балалардың қабілеттеріндамытуға бағытталған технологиялықмүмкіндіктер де таныстырылды.
Оқушылармен әңгімелесу барысында Марат Ахметжанов сапалы білім алуға қолайлы жағдайжасаумен қатар, мектептің материалдықбазасын күтіп ұстау мен оған ұқыпты қараудыңмаңызын атап өтті.
«Білім – балаларымыздың және тұтасөңірдің болашағының іргетасы. Мемлекетбасшысы оқушыларға қолайлы жағдай жасаудытапсырды. Осыған орай облыстың барлықауданында мектептерді жөндеу жұмыстарыжүргізіліп жатыр. Мектептерді жаңатехнологиялармен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ғана емес, жасалған дүниені күтіп ұстау да маңызды. Мектеп – баршамызға ортақ құндылық. Сондықтан оны сақтап, тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені дәл осы жерде еліміздің болашағықалыптасып, дарындар ашылып, жаңа идеялардүниеге келеді», – деді облыс әкімі.
2025 жылы білім ордасына гимназия мәртебесі берілді. Соның нәтижесінде оқубағдарламасын кеңейтіп, жекелеген пәндердітереңдетіп оқытуға мүмкіндік туды.




