СаясатҚаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және ауыл тұрғындарымен кездесіп, елді толғандырған мәселелерді талқылауда.

Жүздесулерде партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, отбасыларды қолдау, білім беру саласын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мәселелері сөз болуда.

Осындай кездесулердің бірі Көкшетау қаласындағы «Агример Астық» ЖШС-нің өндірістік алаңында өтті. Кәсіпорын қызметкерлерімен «Әділет» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Мариям Әбішева мен Құралай Жұмабекова жүздесті.

Кездесуде әр отбасы үшін маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, балабақшалардағы орын тапшылығы, жаңа мектептер салу, көпбалалы және бала асырап алған отбасыларға қолдау көрсету, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек беру жайы талқыланды.

Өңірдегі әлеуметтік нысандарды көбейту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Өзі де балаларды бауырына басып, тәрбиелеп отырған облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Құралай Жұмабекова жеке тәжірибесімен бөлісіп, мұндай отбасыларға көрсетіліп жатқан көмек пен алдағы жоспарларға тоқталды.

«Бүгінде бала асырап алған және болашақта жетім сәбиді бауырына басуға ниетті 80-нен астам үміткер мен отбасы бар. Өткен жылы біз осындай отбасыларды қолдау жүйесін дамытуды мақсат еттік. Соның нәтижесінде 11  қолдау орталығы ашылды. Әлеуметтік сала бүгінде де басты назарда. «Әділет» партиясының бағдарламасында қарапайым халықтың  әлеуетін дамытуға ерекше мән берілген. Алдағы уақытта Ақмола облысында тағы 20 отбасын қолдау орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар мектептер мен балабақшаларда орын тапшылығы бар. Осы мәселені шешу үшін 20 325 балабақша орнын, 3 920 оқушы орнын ашу және 98 арнайы кабинетті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көзделіп отыр», – деді Құралай Жұмабекова.

Бұл жоспарлар білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын азайтып, әлеуметтік көмекті тұрғындарға қолжетімді етуге бағытталған. Мұндай қажеттілік тек Көкшетауда ғана емес, облыстың ауылдық елді мекендерінде де бар. Әсіресе, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту, жаңа оқушы орындарын ашу және отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері өзекті.

Кездесу барысында «Агример Астық» ЖШС қызметкерлері үміткерлерге көкейлеріндегі сауалдарын қойып, әлеуметтік саланы дамытуға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Сайлауалды кездесулер облыс орталығымен ғана шектелмейді. Үгіт-насихат жұмыстары аудандар мен ауылдарда да жалғасып жатыр. Үміткерлер жергілікті тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен жүздесіп, әр елді мекенге қатысты мәселелерді талқылауда.

Мәселен, Жарқайың ауданына қарасты Тасөткел ауылында «Әділет» партиясының Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Владимир Камышанский жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ ол «Темирлан» ЖШС қызметкерлерімен де жүздесті.

Кездесулерде Владимир Камышанский партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарға тоқталды. Жүздесу тек бағдарламаны таныстырумен шектелген жоқ. Ауыл тұрғындары мен кәсіпорын жұмысшылары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді. Осылайша, кездесулер өзара ой бөлісіп, маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Жиындарда Мемлекет басшысының Жолдауы да назардан тыс қалмады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру және өңірлерді өркендету жөніндегі міндеттер түсіндіріліп, олардың Ақмола облысы үшін маңызы талқыланды. Мұндай кездесулердің ауыл тұрғындары үшін де маңызы зор. Өйткені олар өздерін мазалаған мәселелерді үміткерлерге тікелей жеткізіп, өңірді дамытуға қатысты ұсыныстармен таныса алады.

Ақмола облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Көкшетаудағы кәсіпорыннан Тасөткел ауылына дейін өткен кездесулер науқанның облыс орталығымен шектелмей, ауылдық елді мекендерді де қамтып отырғанын көрсетеді. Жүздесулерде әлеуметтік қолдау, білім беру, өңір инфрақұрылымын дамыту, партияның сайлауалды бағдарламасы мен мемлекеттік бастамалар негізгі тақырып болып отыр.

Тапсырыс беруші: Беспалинов Б.М.
Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Оқу керек

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық...

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған