Экономика7,4 млрд теңге инвестиция: Ақмола облысында ірі металлургиялық кешен...

7,4 млрд теңге инвестиция: Ақмола облысында ірі металлургиялық кешен құрылуда

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысының Зеренді ауданында болашақта толыққанды металлургиялық кешенге айналатын өндірістік алаң қайта жанданып келеді. Жобаға қазірдің өзінде 7,4 млрд теңге инвестиция салынған. Кәсіпорында қорғасын құрамды шикізат өңделеді. Келесі кезеңде қара қорғасын, металл сүрмесі және мыс концентратын өндіру жоспарланып отыр. Алдағы бес жылда инвесторлар өндіріс ауқымын кеңейтіп, жұмыс орындарының санын арттыруды көздеп отыр.

«Open Minerals Group Processing» ЖШС-нің салтанатты іске қосылу рәсімі Республика күні қарсаңында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен өтті.

Жаңа өндірістік нысан өңірдің қайта өңдеу өнеркәсібін дамытудағы маңызды буындардың біріне айналады. Оның іске қосылуы шикізатты өндірумен ғана шектелмей, оны терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу жөніндегі міндеттерге сай келеді.

«Мемлекет басшысы алдымызға нақты міндеттер қойды: шикізат өндіруден оны терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшуіміз керек. Сондықтан өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтатын өндіріс орындарын одан әрі дамытамыз. Зеренді ауданы үшін бұл – маңызды қадам. Біз өндірістік алаңды жай ғана қалпына келтіріп қоймай, оның өндірістік әлеуетін қайта жаңғыртып жатырмыз. Республика тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай өңірде 10 жаңа өнеркәсіптік нысан ашылады», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Қазіргі уақытта кәсіпорында 100-ге жуық адам еңбек етеді. Мұнда ай сайын 2–3 мың тонна шикізат өңделеді. Бүгінге дейін шамамен 6 мың тонна қорғасын кегі және 350 тонна цементациялық мыс өндірілген. Кәсіпорын өнімдері отандық металлургия саласында сұранысқа ие. Компанияның серіктестері қатарында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен «Қазцинк» компаниясы бар.

Өндірістік алаңды одан әрі дамыту пирометаллургиялық технологияны енгізумен байланысты. Бұл технология айына 1 мың тоннаға дейін қара қорғасын өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар металл сурьмасы мен мыс концентратын өндіруді жолға қою көзделген. Жоспарланған жобалар іске асырылған сайын кәсіпорын қызметкерлерінің санын 150 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Жобаның маңызды бағыттарының бірі – экологиялық қауіпсіздік. Металлургиялық қалдықтарды өңдеу құнды компоненттерді бөліп алып, оларды қайтадан шаруашылық айналымына енгізуге мүмкіндік береді. Бұл сақтауға жіберілетін қалдықтардың көлемін азайтуға ықпал етеді. Өндірістік процестер белгіленген экологиялық нормативтер мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Компания жергілікті инфрақұрылымды дамытуға да үлес қосып келеді. Биыл Азат станциясында кәсіпорынның өз қаражаты есебінен балалар алаңы абаттандырылып, футбол және баскетбол алаңдары жабдықталды, спорт аймағы құрылды. Сонымен қатар Алексеевка ауылында 6,4 шақырым автомобиль жолы жөнделді. Инвесторлар алдағы уақытта ауылды қалпына келтіруге, соның ішінде тұрғын үйлерді жөндеуге және болашақ қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз етуге қатысуды жоспарлап отыр.

Тағы бір маңызды бағыт – білікті мамандар даярлау. Компания Көкшетау қаласындағы оқу орындарымен металлургия саласының мамандарын даярлау бойынша ынтымақтастық орнатуға мүдделі. Бұл өндірістің қажеттіліктеріне сай кадрлар даярлауға және жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға қосымша мүмкіндік береді.

«Мемлекеттің басты басымдығы – бизнесті бақылаудан шынайы әріптестікке көшу арқылы өңірдің дамуына жол ашу. Әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумдар жасасып, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және жобаларға толық қолдау көрсету арқылы біз «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа аламыз. Адамдар жұмыспен қамтылып, оң өзгерістерді сезініп, нәтижеге көңілі толса, бизнес үшін әрдайым «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі», – деді облыс әкімі.

Өнеркәсіптің дамуы инвестициялық белсенділіктің артуымен қатар жүріп келеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 926,9 млрд теңгеге жетіп, 1,5 есе өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар–тамыз айларында бұл көрсеткіш 521 млрд теңгені құрады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған