СаясатАқмола облысы Бельгия және Австралиямен әріптестікті дамытып келеді: экспорт,...

Ақмола облысы Бельгия және Австралиямен әріптестікті дамытып келеді: экспорт, инвестиция және жаңа өндірістер

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысы агроөнеркәсіптік кешен және сирек жер металдарын өңдеу салаларындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданың қатысуымен өткен Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі аясында өңір әкімі Марат Ахметжанов бельгиялық Linagro NV және Scaldis-Ruien NV компанияларымен үшжақты келісімге қол қойды. Сонымен қатар, Степногорск қаласында құны 150 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны іске асыру мәселесі австралиялық инвесторлармен талқылануда.

Бельгиялық компаниялармен жасалған келісім Ақмола облысында өндірілетін майлы және дәнді дақылдар экспортының көлемін ұлғайтуға және жеткізу географиясын кеңейтуге бағытталған. Жоспарға сәйкес, өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдері Балтық порттары мен Бельгия арқылы Еуропа нарықтарына жеткізілетін болады.

«Ақмола облысы – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені дамыған жетекші өңірлерінің бірі. 2026 жылы майлы дақылдардың егіс алқабы шамамен 838 мың гектарды құрайды. Қазіргі уақытта облыста астықты терең өңдейтін екі зауыттың құрылысы жүргізілуде. Біз инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайды жасап, жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдейміз. Майлы дақылдар экспортын ұйымдастыру кезінде логистика мәселелерін шешуге бельгиялық компанияларға қолдау көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты – сирек жер металдарын өңдеу. Aqmola Invest алаңында өңір басшысы тұрақты магниттер өндіруге арналған сирек жер металдарының аралас карбонатын шығаруға маманданған австралиялық Lindian Resources Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті. Мұндай магниттер жартылай өткізгіштер өнеркәсібінде, соның ішінде электромобильдерге арналған аккумуляторлар мен компьютерлік чиптер өндірісінде қолданылады.

Тараптар Степногорск қаласында жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды жаңғыртуды және сирек жер шикізатын өңдейтін жаңа зауыт салуды көздейтін, құны 150 млн АҚШ долларын құрайтын жобаны талқылады. Жоба аясында 228 жұмыс орнын құру, оның ішінде тоқтап тұрған өндірістегі 144 жұмыс орнын қалпына келтіру жоспарлануда. Жергілікті бюджетке жыл сайын кемінде 300 млн теңге түсім түседі деп күтілуде.

Жобаны іске асыру үшін Степногорск қаласының таңдалуы кездейсоқ емес. Қалада қажетті өнеркәсіптік база мен білікті мамандар бар.

Болашақта инвесторлар мұнда жартылай өткізгіштер өнеркәсібінде және басқа да жоғары технологиялық салаларда сұранысқа ие тұрақты магниттер өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда мұндай өндіріс әлемде тек Қытай мен Эстонияда бар. Осылайша, жоба жүзеге асқан жағдайда, Степногорск осындай өндіріс орналасқан әлемдегі үшінші алаңға айналуы мүмкін. Жаңа зауыт өңірге аралас кәсіпорындарды тартуға, машина жасауды дамытуға және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге де мүмкіндік береді.

Австралиялық инвесторлар ұсынған технология қоршаған орта мен халықтың денсаулығына қауіпсіз. Өндіріс барысында радиоактивті шикізат пайдаланылмайды және технология заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен салалық министрліктердің бақылауында. Облыс әкімі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге және өз құзыреті шеңберінде туындаған мәселелерді жедел шешуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.

Екі бағыттың да дамуы Мемлекет басшысы қойған міндеттерге сай келеді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін ұлғайту, маңызды минералдар саласын дамыту және қосылған құны жоғары өндірістерді құру көзделген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған