ЭкономикаАқмолалық аграршылар Франция мен Австриядағы көрмелер мен асыл тұқымды...

Ақмолалық аграршылар Франция мен Австриядағы көрмелер мен асыл тұқымды шаруашылықтардың жұмысымен танысты

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытуға, асыл тұқымды мал өсіруге, фермерлерді жеңілдетілген несиелендіруге және шетелден жоғары өнімді мал сатып алуға басымдық беріліп отыр. Осы бағыттағы тәжірибені зерделеу мақсатында Франция мен Австрияға жұмыс сапарымен барған облыс делегациясы SOMMET DE L’ÉLEVAGE – 2026 халықаралық көрмесіне, асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен селекциялық орталықтарға барып, ірі қара мал аукционына қатысты.

Сапар барысында ақмолалық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мал өсіру мен күтіп-бағудың еуропалық технологияларымен танысып, асыл тұқымды мал сатып алу мүмкіндіктерін зерделеді және шетелдік әріптестермен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Францияның Клермон-Ферран қаласында делегация SOMMET DE L’ÉLEVAGE – 2026 халықаралық көрмесіне барды. Қатысушылар селекция мен генетика, мал азығын өндіру және шаруашылықтарды цифрлық басқару салаларындағы заманауи жетістіктермен танысты. Сондай-ақ шароле, лимузин, обрак, монбельярд және симментал сияқты етті және сүтті бағыттағы ірі қара тұқымдарына ерекше назар аударылды.

Австрияда делегация Fleckvieh Austria, Genetic Austria және Austrian Agricultural Cluster ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын, селекциялық орталықтар мен сүт-тауар фермаларын аралады. Кездесулерде сүтті және етті бағыттағы өнімділігімен ерекшеленетін симментал тұқымды мал өсіру мәселесі де қарастырылды.

Сапардың практикалық кезеңдерінің бірі Австриядағы асыл тұқымды ірі қара мал аукционына қатысу болды. Ақмолалық фермерлер ұсынылған малдарды бағалап, өз шаруашылықтарына сатып алу мүмкіндіктерін қарастырды.

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, ұсынылған бағалар етті-сүтті бағыттағы мал сатып алу мүмкіндігін қарастыруға жол ашады. Сонымен қатар еуропалық әріптестермен Қазақстанға мал жеткізу және алдағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

«Ақмола облысында мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары қабылданды. Біздің міндетіміз – ірі қара мал басын көбейтіп, шаруашылықтардың өнімділігін арттыру. Облыс басшылығының тапсырмасына сәйкес Франция мен Австриядағы мамандандырылған көрмелер мен аукциондарға қатысып жатырмыз. Қазір симментал тұқымды малдың ірі аукционында ұсыныстарды зерделеп, етті-сүтті бағыттағы жануарларды іріктеудеміз», – деді Нұрбек Бадырақов.

Өңірде мал шаруашылығын дамыту үшін фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігі де кеңейтілуде. Ақмола облысы Қазақстанда мал шаруашылығын жеңілдетілген несиелендіруге арналған «Игілік» және «Береке» бағдарламаларын іске асыруды бастаған алғашқы өңір болды. Қазіргі уақытта алғашқы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер «Береке» бағдарламасы бойынша қаржыландыруға қол жеткізді.

«KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы өңірге шамамен 15 млрд теңге түсті. Жалпы, Аграрлық несие корпорациясы «Игілік» және «Береке» бағдарламалары аясында Ақмола облысына 26 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Фермерлер шетелден мал сатып алуға кірісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған