СпортКөкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі...

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

-

- Advertisment -spot_img

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына
арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды.
«Kokshe Arena» спорт кешенінде халықаралық жарыстың ресми туы таныстырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына арналған спорт фестивалі өтті.

Фестиваль алаңында үстел теннисін ойнауға арналған орындар, интерактивті
ойындар, фотозоналар мен жергілікті өндірушілердің жәрмеңкесі жұмыс істеді.
Қолөнершілер мен өңір креаторларының көрмесінде авторлық бұйымдар мен
шығармашылық жұмыстар ұсынылды. Келушілер шеберлердің еңбегімен танысып, олардың өнімдерін тамашалады.

Іс-шараның негізгі бөлімінде Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF)
ресми туы салтанатты түрде таныстырылды. Оны республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы әрі жүлдегері Меруерт Тәжімова мен үстел теннисінен Ақмола облысының чемпионы Мансұр Құжынтаев алып шықты.

Салтанатты рәсімге Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев қатысып,
өңірдің «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық эстафетасын қабылдауына куә болды.
Спорттық бағдарлама жас теннисшілердің көрсетілім ойындарымен, командалық
жарыстармен және шапшаңдық пен дәлдікке арналған сайыстармен жалғасты.

Қатысушылар үстел теннисінен бақ сынап, түрлі ойындар мен спорттық флешмобқа қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Геннадий Герасименко жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді. Олимпиада ойындарына қатысқан теннисшілерді тәрбиелеген маман қатысушылармен кәсіби тәжірибесін бөлісті.

Мәдени бағдарламада «Көкшетау» халық би ансамблі, «КамАлия» спорттық-бал биі
клубының бишілері Мәди Аманжол мен Кристина Ваганова, «Достар» мәдениет сарайының әншісі Дариға Исмағұлова және «Шамшырақ» ансамблінің квартеті өнер көрсетті.

«ROAD TO ASTANA 2027» жобасының басты нышаны саналатын ресми ту
Қазақстанға Лондоннан жеткізілді. Еліміз оны 2026 жылы өткен әлем чемпионатында келесі біріншілікті қабылдайтын мемлекет ретінде алды. Қазақстандағы эстафета Өскеменнен басталып, Көкшетауда жалғасты.

Жоба аясында Бурабай курорттық аймағында да бейнетүсірілім жүргізілді. Әлем
чемпионатының туы Ақмола облысының табиғи көрікті жерлерінде түсіріліп, бұл кадрлар халықаралық аудиторияға арналған бейнероликтер топтамасына енгізіледі.

Эстафетаның келесі аялдамасы – Ақтөбе қаласы. Мұнда да ресми туды таныстыру
рәсімі мен үстел теннисі фестивалі өтеді. Ұлттық жоба еліміздің шығыс, солтүстік, батыс және оңтүстік өңірлерін қамтып, Астанада мәресіне жетеді.

2027 жылғы 22–30 мамырда Астанада Орталық Азия тарихында алғаш рет үстел
теннисінен әлем чемпионаты өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты мектеп 120 оқушыға арналған. Мұнда...

Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Халық заңгері» акциясы өтті

Зеренді ауданында аудан әкімінің халықпен қорытынды кездесуінің аясында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын...

Қаладан ауылға дейін: «Әділет» партиясының үміткерлері халықпен жүздесуде

Ақмола облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. «Әділет» партиясының өкілдері еңбек ұжымдарымен, қала және...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Оқу керек

Көкшетауда Қазақ музыкалық-драма театрының жаңа ғимаратының құрылысы басталды

Көкшетау қаласында 300 орындық көрермен залы бар Қазақ музыкалық-драма...

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында №15 негізгі орта мектептің жаңа...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған