Қоғам2029 жылға дейін Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен солтүстік...

2029 жылға дейін Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен солтүстік аудандарына табиғи газ жеткізіледі

-

- Advertisment -spot_img

Алдағы үш жылда Ақмола облысындағы 337 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Газбен жабдықтау ауқымын кеңейтуде «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырының құрылысы маңызды рөл атқарады. Жоба аясында Көкшетау қаласына, Шортанды, Ақкөл, Бұланды, Бурабай және Зеренді аудандарына табиғи газ жеткізіледі. Сонымен қатар тағы төрт аумақты газ магистраліне қосу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Қазіргі уақытта облыстың 26 елді мекеніндегі 226 мың тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілген. Газдандыру жұмыстары Аршалы және Целиноград аудандарын, сондай-ақ Қосшы қаласын қамтыды. Өңір халқының газбен қамтылу деңгейі 29 пайызды құрайды. Сонымен қатар бірқатар нысан жоспарланған мерзімнен бұрын пайдалануға берілді. Атап айтқанда, аяқталуы 2027 жылға жоспарланған кейбір жобалар биылдың өзінде жүзеге асырылды.

Келесі маңызды кезең – «Ишим – Астана» магистральдық газ құбырының құрылысы. Ол «Сарыарқа» газ тасымалдау жүйесін солтүстік бағытта жалғастырады. Жаңа магистраль Көкшетау қаласы мен оған іргелес аудандарға табиғи газ жеткізуге жол ашады. Алдын ала есептеулер бойынша, жоба аясында 120 мыңнан астам абонентті қосу көзделген. Ал газбен қамтылатын әлеуетті тұтынушылар саны 480 мыңнан асады.

«Мемлекет басшысы 2035 жылға қарай елді мекендердің 80 пайызын табиғи газбен қамтамасыз ету міндетін қойды. Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді. Қазір жобаның барлық қатысушысының жұмысын үйлестіріп, қажетті құжаттар мен инфрақұрылымды уақытылы дайындау маңызды. Газдандыру жоспарланған аумақтар бойынша бастапқы деректерді қысқа мерзімде жинап, „АстанаГаз КМГ“ компаниясына жолдауды тапсырамын. Сонымен қатар газ құбырларының тармақтарын және тарату желілерін жобалау мәселелерін пысықтап, оларды қаржыландыру көздерін анықтау қажет. Жобаны сәтті жүзеге асыру үшін барлық жауапты тарап бірлесе жұмыс істеуі керек», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

«Астана – Көкшетау» магистральдық газ құбыры учаскесінің ұзындығы 330 шақырымнан асады. Жоба аясында компрессорлық станция және Көкшетау қаласында автоматтандырылған газ тарату станциясы салынады. Құрылыс жұмыстарын 2027–2028 жылдары бастау жоспарланып отыр. Ал магистральды 2029 жылдың соңында пайдалануға беру көзделген.

Газ тасымалдау жүйесінің дамуы халықты газбен қамтуды кеңейтумен қатар, өңірдің жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға да мүмкіндік береді. Алдағы уақытта табиғи газға 56 қазандықты, 301 мектепті, 16 аурухананы және әлеуметтік-мәдени саладағы басқа да 328 нысанды көшіру жоспарланған. Жобалау кезінде индустриялық аймақтар мен жұмыс істеп тұрған және болашақта іске қосылатын кәсіпорындардың қажеттіліктері де ескеріледі.

Газдандыру Көкшетау қаласының одан әрі дамуы үшін де ерекше маңызға ие. Қаланың жаңа бас жоспарының жобасына сәйкес, 2050 жылға қарай облыс орталығы халқының саны 500 мың адамға жетуі мүмкін. Халық санының өсуі коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды едәуір кеңейтуді, соның ішінде жылумен жабдықтау қуатын арттыруды талап етеді.

Осыған байланысты өңірдің бастамасымен Премьер-министр Көкшетау жылу электр орталығының жобалық қуатын сағатына 520-дан 820 Гкал-ға дейін арттыру жөніндегі ұсынысты қолдады. Газ тасымалдау жүйесін дамыту қаланың болашақтағы қажеттіліктерін ескере отырып, оны энергия ресурстарымен ұзақ мерзімді қамтамасыз етудің маңызды факторларының біріне айналады.

Табиғи газға қолжетімділік қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға, жаңа кәсіпорындарды іске қосуға және инвестиция тартуға да қосымша мүмкіндік береді. Өнеркәсіп үшін бұл – тиімді энергия көздерін пайдалану мүмкіндігі, ал өңір үшін экономикалық әлеуетті нығайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға негіз қалыптастыру.

Сонымен қатар облыста газбен жабдықтау аумағын кеңейту мәселесі пысықталып жатыр. Атап айтқанда, Степногорск қаласын, Астрахан, Сандықтау аудандарын және Біржан сал ауданын газ магистраліне қосу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бағыттағы түпкілікті шешімдер техникалық және жобалық зерттеулердің нәтижелері бойынша қабылданады.

Табиғи газдың келуі тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартып, үйлерді жылытуға жұмсалатын еңбекті азайтады. Көмір дайындап, оны сақтау, пеш жағу және күл шығару қажеттілігі төмендейді. Сонымен қатар табиғи газды пайдалану жылыту жүйелерінен бөлінетін зиянды шығарындыларды азайтып, елді мекендердегі ауа сапасын жақсартуға ықпал етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған