Жағымды жаңалықтарАқмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

-

- Advertisment -spot_img

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы өтті. Іс-шараға 300-ден астам делегат қатысты. Ақмола облысы өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалы ынтымақтастық бағыттарын таныстырды.

Қазақстан өңірлерінің инвестициялық әлеуетіне арналған «Focus Kazakhstan: Discovering Regional Opportunities» панельдік сессиясында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов өңір мен Үндістанның бірқатар штаттарының даму бағыттарында ұқсастық бар екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Ақмола облысы елорда мен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, астық және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша жетекші өңірлердің бірі саналады. Сонымен қатар облыста тау-кен металлургия кешені мен жасыл энергетика салалары дамып келеді.

«Біз Үндістанмен ынтымақтастықтың ең жоғары әлеуетін ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және тамақ өнеркәсібі, машина жасау, өндірісті оқшаулау және жабдықтар шығару, сондай-ақ туризм, логистика және инфрақұрылым салаларынан көріп отырмыз. Біз үшін форум қорытындысы жаңа таныстықтармен ғана шектелмей, нақты жобалар, серіктестер және алдағы қадамдар тізбесімен бекітілуі маңызды», – деді Ернар Жаркешов.

Іс-шараның практикалық нәтижелерінің бірі – үндістандық компаниялармен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол жеткізу болды.

Атап айтқанда, облыста қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін «ECO-Dump» ЖШС үндістандық Green City Biotech және Enhanced Bio Fuels and Technologies Pvt. Ltd. компанияларымен меморандумдарға қол қойды. Тараптар Қазақстанда биологиялық отын мен био тыңайтқыштар өндіру, заманауи агротехнологияларды енгізу, деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру және биомассаны қайта өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

Өнеркәсіптік компаниялар Kazrost Engineering Ltd және Aqmola Beton Industry үндістандық TAFE компаниясымен – әлемдегі ірі трактор өндірушілердің бірімен – одан әрі ынтымақтастық орнату жөнінде уағдаласты. Тараптар үндістандық брендтердің заманауи тракторларын Қазақстан нарығына арналған жергілікті өндірісті жолға қоюды көздеп отыр.

Балалар мен жасөспірімдер туризмі саласында да жаңа бағыт ашылуда. Қазақстан Республикасының 200-ге жуық ұйымын біріктіретін Балалар-жасөспірімдер туризмі және демалысы қауымдастығы үндістандық Blueberry Travel Group туристік операторымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Келісім Қазақстандық балалар, оқушылар мен жастарға арналған білім беру, мәдени және спорттық сапарларды бірлесіп ұйымдастыруға, сондай-ақ Үндістаннан балалар мен жастар топтарын Қазақстанда қабылдауға негіз қалайды. Тараптар туристік бағдарламалар мен бағыттарды бірлесіп әзірлеуді де жоспарлап отыр.

Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – білім беру саласы. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті Ченнай қаласындағы жетекші жекеменшік білім беру және ғылыми мекемелердің бірі – Saveetha Institute of Medical and Technical Sciences институтымен меморандум жасасты. Меморандум академиялық және ғылыми ынтымақтастықты, оның ішінде студенттер мен оқытушылар алмасуын, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыруды, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты дамытуды көздейді.

Жалпы, Ақмола облысы жоғары инвестициялық белсенділігін сақтап отыр. 2026 жылы өңірде жалпы құны 392 млрд теңгені құрайтын, 3 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 158 инвестициялық жоба іске асырылуда.

Жаңа өндірістер үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту мақсатында республикалық маңызы бар AQMOLA индустриялық аймағы және үш өңірлік индустриялық аймақ – Көкшетау және Степногорск қалаларында, сондай-ақ Зеренді ауданында жұмыс істейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Көкшетауда «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті

Көкшетау қаласында «Шабыт» көркемөнер мектебі» жаңа ғимаратының техникалық ашылуы өтті. Заманауи мектеп 1965 жылы салынған бұрынғы ғимараттың орнына реновация...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған