Саясат«ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ байқаушылары Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға...

«ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ байқаушылары Қазақстандағы сайлаудың ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға берді»

-

- Advertisment -spot_img

Бүгін Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды бақылау жөніндегі халықаралық миссиясының баспасөз конференциясы өтті. Шара барысында халықаралық байқаушылар Қазақстандағы сайлауды ұйымдастырудың бірқатар бағытына жоғары баға берді.

ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ бақылаушылар сайлауға техникалық дайындықтың кәсіби әрі уақытылы жүргізілгенін, комиссия мүшелерінің даярлығын, азаматтарға қажетті мәліметтің кеңінен таратылғанын және мүмкіндігі шектеулі сайлаушылардың дауыс беруіне жасалған мүмкіндіктерді оң бағалады.

Сондай-ақ, миссия материалдарында Орталық сайлау комиссиясының сайлауға техникалық дайындықты заңда белгіленген мерзімде жүргізгені алға тартылды.
Сонымен қатар, байқаушылар кадрларды даярлау мәселесіне де ерекше назар аударды.

ДИАҚБ байқаушылары өздері қатысқан іс-шаралар аясында сайлау комиссиялары мүшелерін оқытудың жалпыұлттық каскадты бағдарламасына оң бағалады.

Миссия өкілдерінің айтуынша, ОСК сайлаушыларды кең ауқымды ақпараттандыру науқанын жүргізіп, сайлау учаскелерінің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге және мүгедектігі бар адамдардың сайлауға қатысуына жәрдемдесуге айтарлықтай күш-жігер жұмсаған.

ОСК жұмысының ашықтығы да оң бағаланды. Комиссия отырыстары тұрақты түрде өткізіліп, қазақ және орыс тілдерінде тікелей эфирде көрсетіліп отырды. Сонымен бірге, қазақ және орыс тілдеріне ілеспе сурдо аударма қамтамасыз етіліп, қабылданған шешімдер ОСК сайтында уақытылы жарияланып отырды.

Сондай-ақ, олар сайлау күні бірқалыпты әрі ұйымдасқан түрде өткенін атап өтті. Жалпы алғанда, халықаралық миссия байқаушылары көбіне сайлау учаскелерінің ашылуы мен дауыс беру барысын оң бағалаған.

Мұндай жоғары бағаның берілуі сайлау барысының техникалық тұрғыдан жүйелі жолға қойылғанын көрсетеді: комиссия мүшелерін даярлау мен шешімдердің жариялылығынан бастап, азаматтарды ақпараттандыруға және дауыс беруге қолжетімді ортаны қалыптастыруға дейінгі барлық бағыт қамтылған.

Сөз соңында ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ миссиясының өкілдері сайлаудың кәсіби түрде ұйымдастырылғанын және заңда белгіленген мерзімдердің қатаң сақталғанын тағы да бір мәрте еске салды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған