ЭкономикаАуыл шаруашылығы вице-министріне «Burabay Milk» ЖШС жобалары таныстырылды

Ауыл шаруашылығы вице-министріне «Burabay Milk» ЖШС жобалары таныстырылды

-

- Advertisment -spot_img

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалинге Ақмола облысындағы «Burabay Milk» ЖШС-нің инвестициялық жобаларын іске асыру барысы таныстырылды.

Баянбай ауылында 1 440 азықтық мал басына арналған тауарлы-сүт фермасын салу жобасы жүзеге асырылуда. Бүгінде Германиядан фермаға голштин тұқымды 330 бас сиыр әкелінді. Жоба аясында төрт сиыр қорасы мен сауын залын кезең-кезеңімен пайдалануға беру көзделген.

Сонымен қатар, «Burabay Milk» ЖШС директоры Ғалымжан Абдықаликов Щучье қаласында тәулігіне 50 тонна өнім өндіретін сүт зауытын салу жобасын таныстырды. Нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылғы қарашада басталды. Қазіргі уақытта Shugao және Fibosa компанияларымен жабдық жеткізу туралы келісімшарт жасалды.

«Жобаларды іске асыру өңірде сүтті мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға, сондай-ақ отандық сүт өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталған. Екі нысанды да жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобалар іске қосылғаннан кейін шамамен 100 тұрақты жұмыс орны ашылады», – деп атап өтті Ғалымжан Абдықаликов

 

Вице-министру сельского хозяйства представили проекты ТОО «Burabay Milk»

Вице-министру сельского хозяйства Республики Казахстан Амангалию Бердалину представили ход реализации инвестиционных проектов ТОО «Burabay Milk» в Акмолинской области.

В селе Баянбай реализуется проект по строительству молочно-товарной фермы мощностью 1 440 фуражных голов. На сегодняшний день на ферму из Германии завезено 330 голов коров голштинской породы. Проект предусматривает поэтапный ввод четырех коровников и доильного зала в эксплуатацию.

Кроме того, директор ТОО «Burabay Milk» Галымжан Абдыкаликов представил проект строительства молочного завода мощностью 50 тонн продукции в сутки в городе Щучинске. Строительно-монтажные работы на объекте начались в ноябре 2025 года, заключен договор на поставку оборудования компаниями Shugao и Fibosa.

«Реализация проектов направлена на развитие молочного животноводства и переработки сельскохозяйственной продукции в регионе, а также на увеличение объемов производства отечественной молочной продукции. Ввод двух объектов в эксплуатацию будет завершен и до конца года и даст около 100 постоянных рабочих мест», – подчеркнул Галымжан Абдыкаликов.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған