КөкшетауАқмола облысында Құрылысшылар күні аталып өтті

Ақмола облысында Құрылысшылар күні аталып өтті

-

- Advertisment -spot_img

Ақмола облысында өңірдің келбетін түбегейлі өзгертіп, оны еліміздегі жайлы әрі қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың біріне айналдыруға зор үлес қосып жүрген құрылыс саласының мамандарына арналған кәсіби мереке – Құрылысшылар күні аталып өтті. Салтанатты шараға сала ардагерлері, кәсіби қауымдастық өкілдері, кәсіпорын басшылары мен үздік мамандар қатысты. Өңір басшысы Марат Ахметжанов мерекеге қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бүгінде құрылыс саласы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналып отыр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысы Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлері арасында тұрғын үй құрылысының қарқыны бойынша сөзсіз көш бастады. Бұл қарқынды өсім сала мамандарының әл-ауқатына да тікелей әсер етуде. Құрылыс саласындағы орташа жалақы 695 мың теңгеге жетіп, өңірдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірін көрсетті.

Ауқымды өзгерістердің негізіне тұрғын үй қорының қарқынды өсуі айналды. Соңғы үш жылда облыста 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл шамамен 22 мың жаңа пәтерді құрайды. Әлеуметтік осал санаттарға жататын 6 мыңға жуық отбасы баспаналы болды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев алдымызға нақты міндет қойып отыр: біз тек шаршы метр көлемін арттырып қана қоймай, ақмолалықтар үшін сапалы, жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруымыз қажет. Соңғы үш жылда тұрғын үй құрылысын айтарлықтай арттыра алдық. Бүгінде облыстың барлық аудандарында тұрғын үй белсенді салынуда. Осылайша, өңіріміз еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі мәртебесіне лайықты түрде ие болды», – деді Марат Ахметжанов өз сөзінде.

Сонымен қатар өңірде ескірген тұрғын үй қорын жаңарту жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Реновация бағдарламасы аясында 23 тозығы жеткен ғимарат сүріліп, олардың орнына 763 пәтерге арналған 10 заманауи тұрғын үй кешені бой көтерді. Апатты үйлердің тұрғындары жаңа баспаналарына қоныстанды.

Әлеуметтік салада да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Жалпы үш жыл ішінде облыста 100-ге жуық әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы және облыстық бағдарламалар аясында 18 мың оқушыға арналған 20-дан астам заманауи мектеп салынды. Бұл үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобалары мен «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында денсаулық сақтау саласында 45 жаңа нысан пайдалануға берілді.

Өңірдің мақтанышына айналған маңызды нысандар қысқа мерзімде бой көтерді. Солардың бірі – небәрі алты айда салынған Зеренді спорт мектебі. Бұл нысан Қазақстанда алғашқылардың бірі болып Арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен қаржыландырылған жоба ретінде ерекше маңызға ие. Ал Көкшетау қаласындағы көпфункционалды «Көкше Арена» спорт кешені спортшылар мен тұрғындар үшін халықаралық деңгейдегі заманауи спорт инфрақұрылымын қалыптастырды.

Осы айтулы көрсеткіштердің әрқайсысының артында мыңдаған маманның тынымсыз еңбегі тұр. Салаға сіңірген көп жылғы адал еңбегі мен кәсібіне деген берілгендігі үшін үздік мамандар мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Кәсібіне деген адалдықтың жарқын үлгісі – кадастр, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Айсұлу Абдильманова. Ол «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды. Оның жалпы еңбек өтілі 40 жылды құрайды, оның ішінде жиырма жылдан астам уақытын облыстық құрылыс басқармасында қызмет етуге арнаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған