ҚоғамЖарқайың ауданында «Таза Қазақстан» акциясы күнделікті өмір салтына айналуда

Жарқайың ауданында «Таза Қазақстан» акциясы күнделікті өмір салтына айналуда

-

- Advertisment -spot_img

Жарқайың ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Акция басталғалы бері экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерді абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау бағытындағы жұмыстар аудан тұрғындарын, мемлекеттік мекемелерді, кәсіпкерлерді, еріктілерді және жастарды ортақ мақсатқа жұмылдырған маңызды қоғамдық бастамаға айналды.

Акцияның кезекті кезеңі Державинск қаласының орталық алаңында салтанатты түрде ашылды. Одан кейін орталық саябақтың амфитеатрында «Туған жерге тағзым — ортадан басталады» атты экологиялық квест ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі танымдық тапсырмаларды орындап, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындардың тазалығын сақтау мәселелерін талқылады.

Іс-шара «Таза болашақ» экологиялық акциясымен жалғасты. Оның аясында қоршаған ортаны қорғаудың, елді мекендердің тазалығын сақтаудың және туған жердің экологиялық ахуалы үшін әр азаматтың жауапкершілігінің маңызы кеңінен түсіндірілді.

Шараларға 400-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Дулат Сыздық, Ақмола облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Милана Подрезова, Республикалық балалар омбудсмендері кеңесінің мүшесі, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, жастар ұйымдары, еріктілер, кәсіпкерлер, еңбек ұжымдары мен аудан тұрғындары болды.

«Тазалық — әрқайсымыздан басталады. Тек бірлескен еңбектің арқасында ғана қалаларымыз бен ауылдарымызды көркейтіп, келер ұрпаққа жайлы әрі таза орта қалыптастыра аламыз», – деді Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары Дулат Сыздықов.

Акция аясында экологиялық ағартумен қатар абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. Ауданда көше жарығын жаңғырту және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Державинск қаласында облыстық маңызы бар Державинск — Қима автожолы жағынан кіреберісте автономды көше жарығы іске қосылып, Ишимская көшесінде жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

Ауылдық елді мекендерде де абаттандыру қарқынды жүргізілуде. Жаңа көше шамдары Тассуат, Гастелло, Пятигорское, Львовское, Бірсуат, Достық, Зерноград, Далабай, Пригородное, Отрадное және Шойындыкөл ауылдарында орнатылды. Сонымен қатар аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда.

Гастелло ауылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен жаңа жарықтандырылған демалыс беседкасы пайдалануға берілді. Сондай-ақ Гастелло, Шойындыкөл, Львовское ауылдарының және Жаңадала ауылдық округінің кіреберіс стелалары жаңартылып, елді мекендердің келбеті жақсара түсті.

Экологиялық шаралар қалалық ипподром аумағында да ұйымдастырылып, жастар тазалық жұмыстарын жүргізді. «Біздің аула» бастамасы аясында «Жастар» шағын ауданының тұрғындары белсенділік танытты. Әсіресе №5 тұрғын үйдің тұрғындары өз аулаларын бірлесіп абаттандырып, өзгелерге үлгі көрсетті.

Сенбіліктермен қатар ауданда абаттандыру қағидалары мен санитарлық тазалық талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Оның негізгі мақсаты — құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Жарқайың ауданында бұқаралық іс-шаралардан кейін аумақтарды бірлесіп тазалау игі дәстүрге айналып келеді. Спорттық жарыстардың, мәдени іс-шаралардың және ашық аспан астындағы кино көрсетілімдерінің қатысушылары шара соңында өткізілген орындарды бірге тазалап, қоғамдық орындардың тазалығына деген жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетуде.

2026 жылдың басынан бері Жарқайың ауданында 76 сенбілік ұйымдастырылып, оған 2 780-нен астам адам қатысты. Көктем мезгілінде 3 670 көшет отырғызылып, анықталған 7 заңсыз қоқыс орны толықтай жойылды.

Бүгінгі жалпыаудандық сенбіліктің қорытындысы бойынша 80 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы полигондарға шығарылды. Тазалық жұмыстарына Державинск қаласы мен ауданның барлық ауылдық округтерінің тұрғындары белсене қатысып, қоғамдық орындарды, аулаларды, көшелерді, саябақтарды және өзге де аумақтарды бірлесіп тазартты.

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бүгінде бұл бастама аудан тұрғындарын ортақ іске жұмылдырып қана қоймай, тазалық пен қоршаған ортаға жанашырлықты күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал етуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған