Жағымды жаңалықтарБұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

-

- Advertisment -spot_img

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін баспаналы болу көптен күткен қуанышты оқиғаға айналды.

Пәтер кілттерін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыстады. Жаңа қоныс иелерін құттықтаған өңір басшысы азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бүгін көптеген отбасы үшін өмірдің жаңа кезеңі басталып отыр. Өз баспанасы – ертеңгі күнге деген сенім, тұрақтылық және болашаққа нық қадам жасаудың негізі. Мемлекет өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді. Баршамыздың ортақ міндетіміз – жаңа Конституцияның қағидаттарын нақты істер арқылы жүзеге асырып, еліміздің одан әрі дамуы мен өркендеуіне үлес қосу», – деді Марат Ахметжанов.

«Kokshe» ӘКК жүзеге асырып жатқан реновация бағдарламасы аясында салынған тұрғын үйдегі пәтерлер көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал санаттағы өзге де кезекте тұрған азаматтарға берілді. Жаңа баспаналар жайлылық пен абаттандырудың заманауи талаптарына толық сәйкес келеді. Көптеген отбасы үшін жеке пәтерге қол жеткізу өмір сапасын жақсартуға жасалған маңызды қадам болды. Солардың бірі – ерекше қажеттіліктері бар екі баланы тәрбиелеп отырған Әсем Жәкенова.

«Біздің отбасы тұрғын үй кезегінде сегіз жыл тұрды. Кілт алатынымызды естігенде алғашында сене алмадық. Үш бөлмелі пәтеріміз жарық әрі кең, енді әрқайсымыздың өз орнымыз болады. Бұл – біздің отбасымыз үшін көптен күткен қуаныш әрі жаңа өмірдің бастауы. Енді өзіміздің жайлы да бақытты шаңырағымызды құра аламыз», – деді Әсем Жәкенова.

Сондай-ақ өңір басшысы Baluan Sholak тұрғын үй кешенінде болды. Мұнда әлеуметтік осал санаттағы азаматтар үшін қосымша 15 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Мердігермен кездесу барысында Марат Ахметжанов пәтерлерде сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізумен қатар, аула аумағын да абаттандырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, балалар және спорт алаңдарын, беседкалар мен орындықтарды орнату қажеттігін айтты. Өйткені жаңа қоныс иелерінің арасында көпбалалы отбасылар бар.

Айта кетейік, Ақмола облысында тұрғын үй құрылысын дамыту және мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Соңғы үш жылда 3 мыңнан астам кезекте тұрған азамат тұрғын үй жағдайын жақсартты. Ал Бұланды ауданында тек 2025 жылдың өзінде 16 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы бірқатар инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Негізгі назар...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...

Ақмола облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі басымдықтар Халық Кеңесінің төрағасымен талқыланды

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында қоғам өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен, ғылыми қауымдастық және этномәдени...

Ақмола облысында Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов өңір активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері»...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Republic Day және Bereke Fest: қазақстандықтар жеңілдікпен тауарларды қайдан сатып ала алады?

Қазақстанның барлық 20 өңірінде Республика күніне орай ұйымдастырылған Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары жалғасуда. Мерекелік науқанға еліміз...

Республика күні – елдік пен жауапкершілік мерекесі

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация...

Оқу керек

Марат Ахметжанов Қосшы қаласындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын және жылыту маусымының барысын тексерді

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қосшы...

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған