ҚоғамЗаң мен тәртіп: Қазақстанда жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді

Заң мен тәртіп: Қазақстанда жүргізушілерге қойылатын талаптар күшейтілді

-

- Advertisment -spot_img

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» заңына енгізілген бірқатар өзгерістер күшіне енеді. Жаңашылдықтар ең алдымен жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында енгізілген өзгерістер жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруды және жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруды көздейді.

Енгізілген негізгі өзгерістердің бірі – 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар жүргізушілердің екі жылда бір рет міндетті медициналық тексеруден өтуі. Медициналық тексеруден өткені туралы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелері арасында автоматты түрде алмасады.

Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде жүргізушінің медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға қарсы медициналық көрсетілімдердің жоқтығы расталмаса, оның көлік құралын басқару құқығы тоқтатылады. Бұл талап тек 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілерге қатысты қолданылады.

Сонымен қатар заңнамада жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған жүргізушілердің білімін қайта тексеру тетігі енгізілді. Заңда белгіленген жағдайларда олар теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберіледі. Мұндай құқық бұзушылықтарға жол қиылысында авариялық жағдай туғызу, жылдамдықты бірнеше рет асыру, маневр жасау, жолақ ауыстыру немесе басып озу қағидаларын қауіпті түрде бұзу жатады.

Егер жүргізуші дәлелді себепсіз тиісті қаулыны алған күннен бастап екі ай ішінде теориялық емтиханға келмесе, бұл да көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға негіз болады.

Тағы бір маңызды өзгеріс – мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершіліктің күшеюі. Енді алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде көлік басқаруға байланысты қылмыстық іс жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылған жағдайда да, құқық бұзушы сегіз жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылады. Ал жүргізуші куәлігі жоқ азаматтар сегіз жыл бойы оны ала алмайды.

Мамандардың айтуынша, қабылданған өзгерістердің негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және қоғамда заң талаптарын мүлтіксіз сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Ішкі істер министрлігі барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Ал заң талаптарына сәйкес міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс азаматтарға оны уақытылы өткізу қажеттігі ескертіледі.

Заң мен тәртіп – қауіпсіз жолдың басты кепілі. Әрбір жүргізушінің жауапкершілігі өз өмірі мен өзгенің өмірін қорғаудан басталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған