ҚоғамКонституциялық Сот: бірқатар лауазымды тұлғаларды тағайындау немесе сайлау кезінде...

Конституциялық Сот: бірқатар лауазымды тұлғаларды тағайындау немесе сайлау кезінде жаңа Ата Заңның нормалары қолданылады

-

- Advertisment -spot_img

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағының, 72-бабы 2 және 3-тармақтарының, 83-бабы 1-тармағының және 84-бабы 3-тармағының ережелерін:

«лауазымын 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарып келе жатқан адамдар 2026 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 43-бабы 1-тармағында, 72-бабы 2 және 3-тармақтарында, 83-бабы 1-тармағында, 84-бабы 3-тармағында көрсетілген қызметке сайлана ала ма не лауазымға тағайындала ала ма?» деген сұраққа жауап беріп, ресми түсіндіру туралы өтінішін қарады.

Конституциялық Сот аталған конституциялық нормалардың мазмұнынан оларда белгіленген шектеулер адамның тиісті қызметке алдыңғы сайлану не лауазымға алдыңғы тағайындалу фактісімен қолданыстағы Конституцияда және соған сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіпте ғана байланысты болатыны шығады деп атап өтті.

Сонымен қатар Конституциялық Сот 1995 жылғы Негізгі Заң қолданыста болған кезеңде тиісті лауазымдарда болу мерзімдерін, сондай-ақ қызметке сайлау не лауазымға тағайындау фактілерін есепке алуды көздейтін ережелерді қолданыстағы Конституция қамтымайтынын көрсетті.

Адамның аталған лауазымдардың бірін 1995 жылғы Конституция қолданыста болған кезеңде атқару фактісі Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгеннен кейін оны тиісті қызметке сайлауға не лауазымға тағайындауға Негізгі Заңда көзделген конституциялық-құқықтық кедергі болып табылмайды.

Президенттің өтінішін қарау қорытындысы бойынша Конституциялық Сот ресми түсіндіру берді:

2026 жылғы Конституцияның 43-бабының 1-тармағын, 72-бабының 2 және 3-тармақтарын, 83-бабының 1-тармағын және 84-бабының 3-тармағын осы конституциялық нормаларда аталған лауазымдарды 1995 жылғы Конституцияға сәйкес атқарып жүрген адамдар 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы мүмкін деп түсіну керек;

аталған конституциялық нормаларда белгіленген шектеулерді қолдану мақсаты тұрғысынан мұндай адамдардың 2026 жылғы Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті қызметке сайлануы не лауазымға тағайындалуы алғаш рет сайлану не тағайындалу деп есептеледі.

КС нормативтік қаулысының толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1038621?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1254243?lang=kk

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған