ЭкономикаАстрахан ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

Астрахан ауданында алтын өндіру фабрикасы іске қосылды

-

- Advertisment -spot_img

Астрахан ауданының Жалтыр ауылында «Ақбеит» кен орны базасында алтын өндіру фабрикасы ашылды. Өндіріс сингапурлық инвесторлардың қатысуымен Aina Resources ЖШС тарапынан қайта қалпына келтірілді. Осы маңызды оқиғамен аудан тұрғындарын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов құттықтады.

«Бұл – өңір экономикасының дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін маңызды өндірістік жобалардың бірі. Жобаны іске асыру барысында өндірістік инфрақұрылым ауқымды түрде жаңғыртылды. Шахта оқпаны толық қалпына келтіріліп, заманауи Mitsubishi көтергіш жабдығы орнатылды, жаңа алтын өндіру фабрикасы салынып, көлемі 300 мың текше метр болатын қалдық сақтау қоймасы тұрғызылды», – деді әкім орынбасары.

Фабриканың өндірістік қуаты жылына 100 мың тоннаға дейін кен өңдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын толық қуатына үш ай ішінде шығады деп жоспарлануда. Кәсіпорынның негізгі өнімдері – Доре қорытпасы мен флотациялық концентрат.

Қазіргі таңда жоба аясында шамамен 200 жұмыс орны құрылды. Оның ішінде Ақбеит кентінің тұрғындарының басым бөлігі кәсіпорында еңбек етуде. Қызметкерлер жұмыс беруші есебінен жатақханамен, ыстық тамақпен қамтамасыз етілген және толық әлеуметтік пакет ұсынылған.

Алдағы уақытта қосымша тағы 150–200 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс әкімдігінің отырысында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары...

Қабырғалар сөйлеген күн: Целиноград ауданындағы муралдар жаңа дәуірдің бояуына айналды

Кейде бір ғана сурет тұтас көшенің тынысын өзгерте алады. Кеше ғана көзге үйреншікті болып көрінген ескі ғимараттар бүгін ерекше...

Бұланды ауданында 57 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

Макинск қаласында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстау рәсімі өтті. Қоныс тойын атап өткен 57 отбасы үшін...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Көбейтұз көлінде табиғатты қорғау шектеулері орнатылды

Мемлекет басшысының Көбейтұз көліне ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысында су айдынын «Бұйратау»...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – құқық бұзушылық әрі адам құқықтарын өрескел бұзу. Ол тек күш қолданумен шектелмейді. Қорлау, қорқыту, бопсалау, экономикалық...

Оқу керек

Жеті партия, бір эфир және сайлауалды науқанның алғашқы саяси сыны

Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон –...

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың оң серпінін сақтап отыр

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен облыс...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған