ҚоғамЩучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

Щучинск қаласында халықаралық деңгейде «Айбын» жастар жиыны өтеді

-

- Advertisment -spot_img

21-27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтпек.

Биыл еліміздегі әскери-патриоттық тәрбиенің ең ауқымды ордасы 53 команда құрамында 14-17 жас аралығындағы 900-ден астам қатысушыны қабылдайды. Олардың қатарында Қазақстан әр өңірінен іріктелген құрамалар, Қарулы күштердің және өзге де күштік құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары, әскери колледждер мен мамандандырылған лицейлер бар. Бұған қоса Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан командалары қатысатынын растады.

Халықаралық деңгейде ел намысын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Қорғаныс министрлігі Әскери колледжінің кадеттері қорғайды. Әзербайжан атынан Гейдар Әлиев пен Жәмшид Нахчыванский атындағы әскери лицейлердің курсанттары келеді. Беларусь елдегі ең көне әскери оқу орындарының бірі – Минскідегі Суворов әскери училищесінің командасын жібереді. Қырғыз елінен Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Дайыр Асанов атындағы Ұлттық әскери лицейдің тәрбиеленушілері қатысады. Ресейден 1,7 миллионнан астам бала мен жасөспірімді біріктіретін «ЮНАРМИЯ» бүкілресейлік әскери-патриоттық қозғалысының мүшелері келеді. Өзбекстан намысын «Ватан таянчи» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қорғайды.

«Айбын-2026» бағдарламасына әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық сайыстар енгізілген. Қатысушылар әскери кросс пен эстафета, «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны, ату сайыстары, АК-74 автоматын толық емес шашып жинау, белтемірге тартылу, робототехника жарыстары мен «Айбын дарыны» зияткерлік ойынында сынға түседі.

Бұдан басқа Action Air спорттық ату бойынша көрсетілімдер, «Біртұтас ел – біртұтас жер» кәсіби бағдар беру кездесуі және заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың көрмесі ұйымдастырылады.

– Биыл біз бағдарламаны жаңа білім беру және спорт бағыттарымен толықтырдық. Алғаш рет жүзуден жарыстар өтеді. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жас өнертапқыштар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін таныстырады. Сонымен қатар Smart Sarbaz үйірмесінің тәрбиеленушілері FPV-дрондарды басқару бойынша тәжірибелік дағдыларын көрсетеді. Робототехника, ақпараттық технологиялар және киберқауіпсіздік салаларындағы инновациялық жобалардың таныстырылымы да өтеді, – деді «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ төрағасы майор Мейірбек Меңдіғалиев.

Іс-шаралармен қатар қатысушылар үшін мазмұнды мәдени-танымдық бағдарлама дайындалған. Оның аясында танымал спортшылармен, қоғам қайраткерлерімен және әскери қызметшілермен кездесулер, ашық аспан астындағы Aibyn Cinema кино көрсетілімдері, дәстүрлі «Айбын жалыны» алау кеші, әсерлі дрондар шоуы, Бурабай курортының көрікті жерлеріне экскурсиялар және этноауылдағы ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар да өткізілмек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы» жәрмеңкесінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдерімен қатар, 2025–2026 жылдардағы грант иегерлерінің...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Оқу керек

Идеядан бастап жұмыс істеп тұрған бизнеске, қолдаудан бастап нақты нәтижеге дейін!

12 қыркүйекте Жарқайың ауданында өткен жыл сайынғы «Күз сыйы»...

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған