ЭкономикаАқмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында...

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

-

- Advertisment -spot_img

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту, сондай-ақ елорда маңындағы аудандарда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Өңір басшысының айтуынша, индустриялық аймақтар жұмысының алғашқы нәтижелері биылғы жылдың соңына дейін көрінуі тиіс. Сонымен қатар бірқатар алаңдар бойынша жұмыстардың қарқыны жеткіліксіз деңгейде жүргізілуде. AQMOLA индустриялық аймағының аумағы Целиноград, Шортанды аудандары мен Қосшы қаласының жерлерін қосу есебінен 2100 гектарға дейін кеңейтілді. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға ең дайын аудан – Аршалы ауданы. Мұнда жобалық құжаттама кейіннен қаржыландыру үшін мемлекеттік сараптамадан өтуде.

«KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймағында оң динамика байқалады. Мұнда жалпы құны 22,7 млрд теңгені құрайтын екі жоба жүзеге асырылып, 670 жұмыс орны ашылады. Әңгіме ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді кеңейту және алғашқы өнімі қазан айында шығарылатын кірпіш зауытын салу туралы болып отыр. Сонымен қатар болашақта индустриялық аймақ аумағында шамамен 6 мың жұмыс орнын құратын 40-қа жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда», – деді Марат Ахметжанов.

Кеңесте сондай-ақ нысандарды инженерлік желілерге қосу, газбен жабдықтау, инфрақұрылымды дайындау және қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселелеріне назар аударылды. Аршалы ауданында салынып жатқан құрылыс материалдары зауытын газға қосудағы кідірістер, сондай-ақ Қосшы қаласындағы индустриялық аймақты сумен жабдықтау және су бұру жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері жеке қаралды. Салаға жауапты ведомстволарға инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің оңтайлы схемасын айқындау тапсырылды.

Кеңес қорытындысында облыс әкімі индустриялық аймақтарды дамыту инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңір экономикасының өсуіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Елорда маңындағы аудандардың әкімдеріне қолданыстағы және жоспарланған инфрақұрылымға ревизия жүргізу, проблемалық мәселелерді шешу жұмыстарын жеделдету және жобалардың іске асырылуын жеке бақылауға алу тапсырылды.

Сондай-ақ Aina Resources және RG Gold компанияларының инвесторларымен кездесулер өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт мекені» облыстық конференциясы өтті. Отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Жыл басынан бері өңірде 19,4...

Егіндікөлдік ұстаздың «KOSНEN KORPE» жобасы әлемдік рекорд орнатты

Ақмола облысы Егіндікөл ауданында Егіндікөл ауылының №1 мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Зарина Сәрсенованың жетістігі атап өтілді. Авторлық «KOSНEN...

Ақмола облысы Үндістанмен инвестициялық әріптестікті нығайтуда

Үндістанның Ченнай қаласында екі елдің мемлекеттік органдары, даму институттары және іскер топтарының өкілдерін біріктірген «Қазақстан – Үндістан 2026» бизнес-форумы...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Марат Ахметжанов Қазақстанның Даму Банкі басшылығымен кездесті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі...

Садовое және Красный Яр ауылдары арасындағы жол жөндеуі аяқталуға жақын

Зеренді ауданындағы Садовое ауылынан Көкшетау қаласының Красный Яр ауылындағы Умышев көшесіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Жол...

Оқу керек

Отбасы – тәрбие мен тағылымның алтын бесігі

Көкшетауда Ақмола облысы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Отбасы – бақыт...

Ақмола облысында 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Ақмола облысында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған