КөкшетауЭколог күніне орай журналистерге Красный Яр ауылындағы бірегей қоқыс...

Эколог күніне орай журналистерге Красный Яр ауылындағы бірегей қоқыс өңдеу зауытының құрылысы таныстырылды

-

- Advertisment -spot_img

Эколог күні қарсаңында журналистер Красный Яр ауылдық округіндегі жаңа қоқыс сұрыптау және қоқыс өңдеу кешенінің құрылыс алаңына барды. Қуаттылығы жылына 70 мың тонна қалдықты құрайтын бұл кәсіпорын өңірдегі басты экологиялық нысандардың біріне айналады және полигондарға жіберілетін қоқыс көлемін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру үшін аумағы 8 гектар болатын жер учаскесі бөлінген. Қазіргі уақытта алаңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр: компост ванналарын орнату жұмыстары аяқталуға жақын, өндірістік және әкімшілік ғимараттарды тұрғызу шаралары жалғасуда.

«Бүгінгі таңда нысанда белсенді құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр: негізгі бетон конструкцияларын орнату аяқталды, өндірістік және әкімшілік нысандардың құрылысы жалғасуда. Жоба екі жылға есептелген, оны іске асыруды 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр», – деп түсіндірді Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Батыржан Бауыржанұлы.

Кешен пайдалануға берілгеннен кейін қалдықтармен жұмыс істеудің толық циклін – сұрыптаудан бастап қайта өңдеуге және қайталама шикізат алуға дейінгі процесті қамтамасыз етеді. Мұнда автоматтандырылған сұрыптау желілері енгізіліп, пластик пен ағашты қайта өңдеу, сондай-ақ құрылыс қалдықтарын ұсақтау жұмыстары ұйымдастырылады.

Органикалық қалдықтар бөлігіне ерекше назар аударылады. Олар арнайы климаттық камераларда өңделіп, табиғи биологиялық процестердің нәтижесінде техникалық грунтқа (топыраққа) айналады. Алынған материалды жерді рекультивациялауға (қалпына келтіруге) және құрылыс саласына пайдалану жоспарлануда.

«Біздің стратегиялық міндетіміз – қалдықтарды көму көлемін барынша азайту және оларды қайта өңдеу мен қайта пайдалану үлесін арттыру. Біз әрбір қалдық түрінің екінші өмір алып, практикалық пайда әкеле алатын жүйесін құруға ұмтыламыз», – деп атап өтті ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мариям Әбішева.

Жоба Табиғи ресурстар басқармасы мен «Эко-DUMP» ЖШС арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жүзеге асырылуда. Қызылжардағы кешеннен бөлек, дәл осындай нысандар Бурабай және Зеренді аудандарында да бой көтеруде. Үш кәсіпорынның жалпы қуаттылығы жылына 150 мың тонна қалдықты құрайтын болады.

Кешен құрылысын 2027 жылы толық аяқтау жоспарланған. Оны іске қосу қалдықтарды қайта өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға, полигондарға түсетін салмақты азайтуға, өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриялық аймақтарын дамыту,...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов атындағы университет өкілдерімен және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен мал шаруашылығын...

Қаржылық мониторинг агенттігі «CVK» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Қазіргі уақытта Агенттіктің аумақтық департаменттері еліміздің 14 өңірінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға тұрақты...

Он жылдан астам уақыт күткен жарық ауыл көшелеріне келді

Оразақ ауылында тұрғындар көптен күткен қуанышты оқиға орын алды. Ауылдың ескі бөлігіндегі Абай Құнанбайұлы, Талғат Бигелдинов және Рақымжан Қошқарбаев...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Жас ветеринарлар – ауылдың сенімді тірегі және аграрлық саланың болашағы!

Әрбір малдың саулығының, әрбір шаруашылықтың берекесінің және тұрғындарымыздың дастарханына жететін сапалы өнімнің артында ветеринария мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі тұр. Бүгінде...

Қорғалжын ауданының жастары «Egindikol ECO FEST-2026» экологиялық фестиваліне белсене қатысты

2026 жылғы 11 маусым – Бүгін Егіндікөл ауылында өткен «Egindikol ECO FEST-2026» жастар экологиялық акциясына Қорғалжын ауданының белсенді жастары...

Оқу керек

Ақмола облысындағы индустриялық аймақтарды дамыту перспективалары Aqmola Invest алаңында талқыланды

Aqmola Invest алаңында Ақмола облысының әкімі төрағалық еткен кеңесте...

Ақмола облысында ет кластерін дамыту жобасы әзірленеді

Ақмола облысы әкімдігінде өңір басшысы Марат Ахметжановтың Ш. Уәлиханов...
- Advertisement -spot_imgspot_img

Сізге де ұнауы мүмкінҰҚСАС
Сізге ұсынылған